Бала Шоқан, Сапарғали Бегалин
kk
Free
Сапарғали Бегалин

Бала Шоқан

Read

Impressions

Kuralai Jumash
Kuralai Jumashshared an impression4 months ago

Керемет 👌

b3781656353
b3781656353shared an impression5 months ago
👍Worth reading
🔮Hidden Depths
😄LOLZ

ПРОСТО СУПЕР 😜

Нурай Сансызбай
Нурай Сансызбайshared an impression3 months ago
👍Worth reading

Quotes

Кулзат Жанайдаровна
Кулзат Жанайдаровнаhas quoted3 months ago
НАҒАШЫ АУЛЫНА САЯХАТ
Хан ауылы қыстаудан көтеріліп, жайлауға бет алды. Сергей аттанғаннан бері Шоқан сонан көрген жобасымен сурет салуға құлықтанып алған-ды. Әсіресе Сергейдің Жүкеннің асау күрең байталды ұстаған суретін салғаны Шоқанға қатты ұнаған-ды. Сергей сол суретінің алғашқы жобасын беріп кеткен. Соған қарап ол жылқының желідегі құлындардың, Құсмұрын қырқасындағы жартастың суретін салып ермек етіп жүрді.
Осы көктемнен бері Шоқан Әубәкір молдадан сабақ алуды тоқтатып, атқа міну, көктемдегі Қанғожаның қаршыға салу серуендеріне ілесіп, түз өміріне бой ұрып, мүлде сергектеніп алды.
Керей, Есеней елінде болған бір үлкен дауға шақырылып кеткен Шыңғыс ел жайлауға келерде ғана оралды. Ондай келелі үлкен жиынға барып қайтқанда алдымен ханымға келіп сәлем беріп, шешіп қайтқан жұмысының жайын айтып, ана ойын тыңдайтын. Сол әдетімен келіп Есеней елінің ертеден келе жатқан дауының бітім тапқанын айтып өтті. Ықыластана тыңдап, көпке дейін үнсіз отырып Айғаным:
— Апыр-ай, бұл бір көптен бері аяғы жерге тимеген, дауасыз дау еді, ақыры тынымы болған екен. Әрдайым жолың осылай болғай, — деп баласының абыройына разы бола күлімдеді.
— Ал, Шыңғысжан, мен былтырдан бері мына Шоқанжанға нағашыңа апарамын, жер көрсетем, ел көрсетем деп уәде берген болатынмын. Мұның биыл мүшел жасы және сәті болса қалаға оқуға жүргіземіз деп отырмыз. Зейнеп те көптен ауылын көрген жоқ, саған айта алмай жүрген шығар. Біз жүріс қамын істеп сол би ауылына бір барып қайталық. Басқа жұмыстарыңды жайлау үстінде тоқтата тұр.
— Әпеке, мен өзім де осыны ойлап, асығып қайтып едім. Онда жүріс қамын істетіңіз.
Әже мен әке келісімін естіген Шоқан қуанып сыртқа шықты.
Жүру қамы ұзаққа созылған жоқ. Екі үйден әзірленген екі пәуескені үш-үштен жегілген арнаулы жол аттары ала жөнелді. Шоқанды өз қасына отырғызған Айғаным күтуші әйелін ғана алып, Құсмұрыннан шығатын керуен жолына түсіп тартып берді. Зейнеп пәуескенің ішінде Жақып бастаған үш бала, және күтуші келіншек Қанипа бар. Ханым пәуескесіне ілесе Зейнеп пәуескесі де жорта жөнелді. Шыңғыс бастатқан салт аттылар тобы оннан аса адам болатын. Оның ішінде Қарауылдың қарынсау қарасы атанған шешен би Ықылас, Шыңғыстың ауылдас, үзеңгі серігінің бірі Сал, әңгімешіл Әжібай, әнші Нұрта, тағы басқа кісілер бар-ды. Шыңғыстың астындағы Мамеке ағасының үйінен сұратып мінген қарагер, иық қозғамайтын майда жорғасымен жылмия сызып келеді. Желе-жортып тобын жазбай ілескен нөкерлер ауылдан шығардағы сән-салтанаттарын бұзған жоқ. Алғашқы екпінімен жорта жөнелген пәуескелілер де жүйткіп барады. Ыстық түспей жетіп түстеніп, түс қайта жүрмек ауылдары Көлбастаудағы Күзембай болатын. Төре ауылынан салт атқа қысқа күндік жер болғанымен, одан бергі тоқтауды Шыңғыс лайықты көрмеген. Былтырдан бері бас қосқан жерде:
— Төре, біздің де есігіміз бен төріміз бар, атыңның басын біз жаққа да бір бұрсаңшы, — деген Күзембайдың өзін Шыңғыс осы жолы есіне сақтаған
Kuralai Jumash
Kuralai Jumashhas quoted4 months ago
Қалың бозды, кер миық сары жазықта жайыла қонып отырған елдердің
b3781656353
b3781656353has quoted5 months ago
ырғы барып қайтқан сапарымыз Петербургтегі ұлықтарға қатты ұнаған. Соны әлі де толықтыра түсу үшін ана тау қырғызы, Ыстықкөл атырабын жете тексеріп танысуға экспедиция ұйымдастыруды ұсынған едім. Соны дұрыс деп тауып, маған толық билік беріп отыр. Оның үстіне мына бір қағазды қырғыздың Боранбай Бекмұрадов деген манабы жазады. Әрине, мен аударма арқылы аздап таныстым. Сіз өзіңіз де оқыңыз.оның да сұрайтыны — біздің Россия патшалығының қол астына қарап, көршілес ана сіздің Жетісу елімен бірге болғысы келетінін айтады. Сонымен бірге: «бізге сенім

On the bookshelves

Оқитын кітаптар, Arhun Arhunus
Разные, Nartay Official
Nartay Official
Разные
  • 15
Школа, b4084117147
b4084117147
Школа
  • 4
Қазақша📚, Айганым Амангелди
Айганым Амангелди
Қазақша📚
  • 1
Кəсібі кітаптар, b0723425337
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)