Бала Шоқан, Сапарғали Бегалин
kk
Free
Сапарғали Бегалин

Бала Шоқан

Read
Кулзат Жанайдаровна
Кулзат Жанайдаровнаhas quoted4 months ago
НАҒАШЫ АУЛЫНА САЯХАТ
Хан ауылы қыстаудан көтеріліп, жайлауға бет алды. Сергей аттанғаннан бері Шоқан сонан көрген жобасымен сурет салуға құлықтанып алған-ды. Әсіресе Сергейдің Жүкеннің асау күрең байталды ұстаған суретін салғаны Шоқанға қатты ұнаған-ды. Сергей сол суретінің алғашқы жобасын беріп кеткен. Соған қарап ол жылқының желідегі құлындардың, Құсмұрын қырқасындағы жартастың суретін салып ермек етіп жүрді.
Осы көктемнен бері Шоқан Әубәкір молдадан сабақ алуды тоқтатып, атқа міну, көктемдегі Қанғожаның қаршыға салу серуендеріне ілесіп, түз өміріне бой ұрып, мүлде сергектеніп алды.
Керей, Есеней елінде болған бір үлкен дауға шақырылып кеткен Шыңғыс ел жайлауға келерде ғана оралды. Ондай келелі үлкен жиынға барып қайтқанда алдымен ханымға келіп сәлем беріп, шешіп қайтқан жұмысының жайын айтып, ана ойын тыңдайтын. Сол әдетімен келіп Есеней елінің ертеден келе жатқан дауының бітім тапқанын айтып өтті. Ықыластана тыңдап, көпке дейін үнсіз отырып Айғаным:
— Апыр-ай, бұл бір көптен бері аяғы жерге тимеген, дауасыз дау еді, ақыры тынымы болған екен. Әрдайым жолың осылай болғай, — деп баласының абыройына разы бола күлімдеді.
— Ал, Шыңғысжан, мен былтырдан бері мына Шоқанжанға нағашыңа апарамын, жер көрсетем, ел көрсетем деп уәде берген болатынмын. Мұның биыл мүшел жасы және сәті болса қалаға оқуға жүргіземіз деп отырмыз. Зейнеп те көптен ауылын көрген жоқ, саған айта алмай жүрген шығар. Біз жүріс қамын істеп сол би ауылына бір барып қайталық. Басқа жұмыстарыңды жайлау үстінде тоқтата тұр.
— Әпеке, мен өзім де осыны ойлап, асығып қайтып едім. Онда жүріс қамын істетіңіз.
Әже мен әке келісімін естіген Шоқан қуанып сыртқа шықты.
Жүру қамы ұзаққа созылған жоқ. Екі үйден әзірленген екі пәуескені үш-үштен жегілген арнаулы жол аттары ала жөнелді. Шоқанды өз қасына отырғызған Айғаным күтуші әйелін ғана алып, Құсмұрыннан шығатын керуен жолына түсіп тартып берді. Зейнеп пәуескенің ішінде Жақып бастаған үш бала, және күтуші келіншек Қанипа бар. Ханым пәуескесіне ілесе Зейнеп пәуескесі де жорта жөнелді. Шыңғыс бастатқан салт аттылар тобы оннан аса адам болатын. Оның ішінде Қарауылдың қарынсау қарасы атанған шешен би Ықылас, Шыңғыстың ауылдас, үзеңгі серігінің бірі Сал, әңгімешіл Әжібай, әнші Нұрта, тағы басқа кісілер бар-ды. Шыңғыстың астындағы Мамеке ағасының үйінен сұратып мінген қарагер, иық қозғамайтын майда жорғасымен жылмия сызып келеді. Желе-жортып тобын жазбай ілескен нөкерлер ауылдан шығардағы сән-салтанаттарын бұзған жоқ. Алғашқы екпінімен жорта жөнелген пәуескелілер де жүйткіп барады. Ыстық түспей жетіп түстеніп, түс қайта жүрмек ауылдары Көлбастаудағы Күзембай болатын. Төре ауылынан салт атқа қысқа күндік жер болғанымен, одан бергі тоқтауды Шыңғыс лайықты көрмеген. Былтырдан бері бас қосқан жерде:
— Төре, біздің де есігіміз бен төріміз бар, атыңның басын біз жаққа да бір бұрсаңшы, — деген Күзембайдың өзін Шыңғыс осы жолы есіне сақтаған
Kuralai Jumash
Kuralai Jumashhas quoted5 months ago
Қалың бозды, кер миық сары жазықта жайыла қонып отырған елдердің
b3781656353
b3781656353has quoted6 months ago
Біздің халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр емес пе! — деп тоқтады.
b3781656353
b3781656353has quoted6 months ago
ырғы барып қайтқан сапарымыз Петербургтегі ұлықтарға қатты ұнаған. Соны әлі де толықтыра түсу үшін ана тау қырғызы, Ыстықкөл атырабын жете тексеріп танысуға экспедиция ұйымдастыруды ұсынған едім. Соны дұрыс деп тауып, маған толық билік беріп отыр. Оның үстіне мына бір қағазды қырғыздың Боранбай Бекмұрадов деген манабы жазады. Әрине, мен аударма арқылы аздап таныстым. Сіз өзіңіз де оқыңыз.оның да сұрайтыны — біздің Россия патшалығының қол астына қарап, көршілес ана сіздің Жетісу елімен бірге болғысы келетінін айтады. Сонымен бірге: «бізге сенім
Жасмина Досова
Жасмина Досоваhas quoted7 months ago
т аттылар келгенде, Етекбайдың үлкен баласы Назымбек бөлесі Шоқанды өзі қолтықтап атынан түсірді. Назымбек Шоқаннан ересек, сыпайы жеткіншек екен. Кісілерді ертіп үйге алып жүрді.

Шыңғыспен тізелесе отырған етжеңді Етекбайға Ықылас, Әжібай, Сал қол беріп амандасты. Назымбекпен қатар кірген Шоқан да айрықша сәлем беріп, Етекбайдың қолын алды.

— Ә, ханымның Шоқаны осы ғой, шырағым, бақытты бол, көп жаса, — деп Етекбай айрықша ықыласын айтты.

Сапырылған қымыз, сойылған мал. Бірін-бірі сағынып көрген апалы-сіңлілі би қыздары мәре-сәре болып, әңгіме думанға бөленуде. Шыңғыстар отырған Етекбай үйінде ел жайы, шаруа жайы өз болуда. Бір әредікте Етекбай ауылдарының жайлауы, қоныстары айналасы шоқ-шоқ қарағайлы әсем шоқылар боп келетін Зеренді көлінің келісті бітімі сөз болды.

— Көлімізге көздерің түсіп кеткен екен. Босат, біз қонамыз дегелі отырған жоқсыңдар ма? — деп тілмар Етек¬бай Әжібайға қарап күлді.

— Оныңыз рас, Етеке, «төренің көзі түсті дегенше, түйенің иесі кешті деп біл» деген сөз бар. Бұл — бір. Екіншіден, қоныс ауыссаңдар сөкеттігі бар ма, екеуіңіз бір айдыннан сұқсыр ілген сұңқарсыңдар, — деп Әжібай жайма-шуақ жүйріктікке салды.
Жасмина Досова
Жасмина Досоваhas quoted7 months ago
— Қарағым, неге асықтың, нағашың ауылы әлі алыста. Ауылдан шықпай жатып жалығып қалдың ба, жүрістен, жаным-ау, бұл қалай? — деп Айғаным Шоқанның басынан сипады.

— Жоқ, әже, жүрістен жалыққаным жоқ, мына құлынның енесіне жаным ашып тұр.

— Қарағым төре бала, сіздерге бұйырған құлынның арманы не! Қасқыр құлынын жеп те талай биені шырқыратып кетеді. Бұл қызыққа, құрметке сойылған құрмалдық қой, — деп Күзембайдың бәйбішесі масаттана күлді.

— Әне, Шоқанжан, ана шешеңнің айтқанын ұғып ал. Мал адам керегіне жаралады. Қызыққа ұстағанның қырсығы жоқ дейді. Қасқыр да жеп кететін құлын деп отыр, — деген Айғаным өзі Шоқанның әлгі бір балалық жан ашығыш ойын сейілткендей болды.
Жасмина Досова
Жасмина Досоваhas quoted7 months ago
жатқан құлынға Шоқанның жаны ашып кетті. Әсіресе құла биені аяды. Шоқан өз ауылында да қонаққа сойған құлынды көргені барды. Бірақ оларға мұндай мән бермейтін. Ондайда көбінесе ойынға алданып елең де етпейтін. Жақып болса:

— Өй, Шоқан, көрдің бе, ана құлынды бізге сояды, бүйрек жейміз, — деді. Шоқан оған алара бір қарап, қайта үйге беттеді, әжесіне келіп:

— Біз нағашым ауылына қашан жүреміз? — деді.

— Қарағым
Жасмина Досова
Жасмина Досоваhas quoted7 months ago
Дәрменсіз тыпырлап жатқан құлынға Шоқанның жаны ашып кетті. Әсіресе құла биені аяды. Шоқан өз ауылында да қонаққа сойған құлынды көргені барды. Бірақ оларға мұндай мән бермейтін. Ондайда көбінесе ойынға алданып елең де етпейтін. Жақып болса:

— Өй, Шоқан, көрдің бе, ана құлынды бізге сояды, бүйрек жейміз, — деді. Шоқан оған алара бір қарап, қайта үйге беттеді, әжесіне келіп:

— Біз нағашым ауылына қашан жүреміз? — деді.

— Қарағым, неге асықтың, нағашың ауылы әлі алыста.
Жасмина Досова
Жасмина Досоваhas quoted7 months ago
Дәрменсіз тыпырлап жатқан құлынға Шоқанның жаны ашып кетті.
Каламкас Бейсен
Каламкас Бейсенhas quotedlast year
Әкем үлкен төренің ауылына кеткен.
b8961914100
b8961914100has quoted2 years ago
мен тигізбеймін, өзім ертіп барам.
— Иә, апаң ұрсады, қорқам, — деп түйе ғып жасаған бір
b8961914100
b8961914100has quoted2 years ago
Шоқан құнанын тоқтатып, қайта бұрылып келгенде, Мысық кейін шегініп:
Ерасыл Шанкашев
Ерасыл Шанкашевhas quoted2 years ago
Қосқималы атанған Құсмұрын адырының солтүстігіндегі төре аулының күзеу құдығы күзгі малға шөбі шүйгін құйқалы қоныс. Бір жағы Құсмұрын саласына жалғасатын бетегелі кең тепсең: екінші жағы жағалай көктарлаулы қара отты ащылауыт ой. Төре ауылының бұл күзегін ұшқан құс, жүгірген аң болмаса, салт атты кісі баспайды. Қыста қылаң елсіз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетші отырады. Осы күзетшінің қара
Ерасыл Шанкашев
Ерасыл Шанкашевhas quoted2 years ago
Қосқималы атанған Құсмұрын адырының солтүстігіндегі төре аулының күзеу құдығы күзгі малға шөбі шүйгін құйқалы қоныс. Бір жағы Құсмұрын саласына
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)