bookmate game
kk
Free
Софы Сматаев

Елім-ай. I кітап

  • b0147540378has quoted3 years ago
    Тісің барда ысқыр, мұрның барда түшкір" деген ғой.
  • b2396875112has quoted2 years ago
    Мезгілсіз бұл қаза ордадан басталып, кең даланың қиыр-шиырына тарап кеткен әр түрлі күбір-сыбырды көбейтті де, көл-көсір жас ағызып жаңа қабірдің жас топырағына тырс-тырс тамызды.
  • Меруерт Надироваhas quoted2 years ago
    тау мен тастың тарғыл тағысы тар соқпақта таласпай табысып, татуласып тарасқан
  • b0147540378has quoted3 years ago
    Түтініміз қосылмаса да, туымыз ажырасқан емес.
  • b0147540378has quoted3 years ago
    Өйткені досы жауынан бетер, жауы туысынан да абзал.
  • b0147540378has quoted3 years ago
    Ол махаббаттың сынық сүйем Туған Жерден нәр алып, жанарыңызға жылу боп үйірілген сәбилік сезіміңізбен астасып, араласып, қаныңызға сіңіп кеткенін ұғар едіңіз. Ұғар едіңіз де, осынау ұлы сезім алдында еріксіз бас иер едіңіз.
  • b0147540378has quoted3 years ago
    Қаратаудың басынан көш келеді,

    Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...
  • Ержан-Гүлмира Жаутикhas quoted5 years ago
    жімді жүзіне қиғаш діріл жүгіріп, еріні кемсендеді. Аралбай ағасының иығына иығын сүйеп алған Түйтенің көз жанары ұшқындап кетіп отыр. Қуаттың кішірек уытты көзіне тұманданып буалдыр мұнар оралды. Ол мұнар - сағыныш па, өкініш пе өзі де білмейді. Нені аңсап, к
  • aselspanbetovahas quoted7 years ago
    Роман-трилогия
    1-КІТАП
    Туған Ел, кіндік жұрт, анa тілі әр азаматтың,
    қасиетін өсіретін де, өшіретін де киелі үш ұғым,
    Ел, Жер, Tiл - жаның, арың, нәрің!
    Жүрегі Елімдей елжіреген, Жаны жалауындай жайсаң,
    Абзал Ана, асыл аға, сіздерге арнадым бұл еңбегімді!
    ӘЛҚИССА
    Күй күңіренеді...
    Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай-сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. Тырсиған желіннен аппақ сүт тамады. Мөлт-мөлт тамады. Киелі ақ сүт - ана көңілдің шарқ ұрған аңырауы, аңсауы!
    Ақсақ құлан үйірінен шығандап шығып, құла түзге құлдырап барып сіңгенде, аласұрған көңілден ала құйын күй туған. Аңырап, армандап туған. Сол заманда - ақ қараңғы қапшағай мен алыс атырауды, жапан түз бен дүлей тоғайды азынай аралап кеткен ғұмыр күйден кек ширатқан атой - ұран тасып төгілген. Домбыраның егіз ішегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда, тау мен тастың тарғыл тағысы тар соқпақта таласпай табысып, татуласып тарасқан. Қай – қай заманда да қайғы мен мұң қапалы жанның көндей сірі көңілінің көбесін қақыратып сөккен. Қай – қай заманда да жан азабы жай таптырмағанда, тұяқ дүбірі мен домбыра сарыны кең әлемді сарсыла шарлап, сарнап - зарлап алған! Ат жетпес, оқ өтпес кекті бебеулеп боздап, ән салып, күй шалып
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)