bookmate game
kk
Free
Сәбит Мұқанов

Бақташының баласы

54 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • Alina Musulmanbekovashared an impression5 years ago
    👍Worth reading

    Керемет

  • Gacha Ellyshared an impression6 years ago
    👍Worth reading

    Түсінікті

  • b0540299628shared an impressionlast year

    Жандостың басынан кешкен әсерлі әңгімелері, өте әсерлі, керемет 👍🏼

Quotes

  • Dias Avelbekovhas quoted4 years ago
    жолы да солай болды. Үй ішінен еріп ешкім бармайтынына көзі жеткен ол артель председателі Шымболатқа жай - жапсарын айтып еді:

    — Жақсы, — деді Шымболат, — қорада тұрған жуас бір құнан бар еді, соны берейін, бірақ барған жеріңде қона қалсаң, шөп салып қорасына байла. Тұсап жіберсең, не бетімен кетіп, таптырмай әуре қылар, не ит - құсқа кезігіп жазым болар.

    Жандос апасының үйінде екі күн қонып, өз үйіне үшінші күні іңірде келді. Терлеп келген құнан, ауыл жатқанша суып байлауда тұрды. Келе сала ойынға кетіп, кеш оралған Жандос суыған құнанды жатар алдында отқа қояйын десе, үйінде шөп жоқ. Артельдің ауыл маңына үйілген маясынан сұраусыз шөп әкелуге болмайды. Сұрап алуға, басқарма мүшелерінен ауылда кісі жоқ. Олардың кейбірі егіннің, кейбірі мал шаруашылығының жұмысымен ат үстінде жүр. Құнанды тұсап жіберейін десе, ауылдың маңайы тақыршақ. Ұзатып апарып тұсайын десе, Шымболаттың, «ит - құсқа кезігіп жазым болар» деген сөзі есінде. Бос жіберейін десе, ауылдағы жылқы атаулы түнгі өріске кеткен. Құнан оларды таба алса жақсы, таба алмаса, бетімен қаңғырып кетуі мүмкін ғой: оты бар жерге тоқтай қалатын жасамыс жылқы емес, жас жылқы үйір таппай тына ма...

    Не істеуге білмеген Жандос, қойдан келіп іңірде ұйықтап қалған атасы Бектасты оятып сұрап еді, шала ұйқылықтың салдары ма, немесе ерінгендіктен бе, — далаға шыққысы келмеген қалпын көрсеткен шал, керіле, есіней сөйлеп:

    — Аяғына өре салып қоя бер, бөтен жер емес, өз жері, ұзап ешқайда бармайды, — деді.

    Бала ит - құс жайын ескертейін деп еді, ерінген шал, — «алладан... жібере бер» деді де, ұйқы жеңіп қисая кетті.

    — Сөйте сал, балам, — деді ұйқыдан оянған әжесі. — Атаңды мазаламай - ақ қой. Қойдан бүгін қалжыраңқырап келді өзі. Ескі тері де ұстайын деп жатыр ма өзінің, немене, біраз ыңқылдап жатып әрең ұйықтаған еді...

    — Неменеге ағысыссың?—деді Жандос.

    — Басқармаға барам.

    — Артынан барарсың.

    — Жоқ, өте тығыз жұмысым бар.

    — Не жұмыс еді?!—деді Жандос Қалқаманға таңдана қарап.

    — Артельдің бір құнанын қасқыр жеп кетіпті...

    Жандостың жүрегі тас төбесіне шыға келді... «Қандай құнан?» деген сөзге, денесі дірілдеген оның аузы әрең келді.

    — Ауылда жүретін күрең қасқа құнан бар еді ғой? — деді Қалқаман, — біреу соған шідер салып жіберген екен, қасқыр жарып жеп кетіпті...

    — Қайда?!—деді үрейі ұша түскен Жандос.

    — Балықты көлінің жағасында...

    Жандос еңіреп жылап жіберді... Аттан секіріп түсе қалған Қалқаманға, оны уату жеңілге түскен жоқ. Ұзақ уақыт әуреленіп, тілге әрең келтірсе, құнанның өліміне айыпты Жандостың өзі екен.

    Жандос расында қатты күйзелді: егер ол құнанды Шымболаттан сұрап мінбесе, мінген құнанды түнде тұсап жібермесе, құнан мұндай қазаға ұшырамас еді. Енді, міне, құнан сұрап мінудің аяғы мынаған кеп соқты. Өзінікі болса бір сәрі, онда да аянышты болар еді, бірақ дәл мынадай ауыр болмас еді.
  • Dias Avelbekovhas quoted4 years ago
    1929 жылдың күзі еді. Сабақ жүре бастаған кезде, мұғалім әлдеқалай сырқаттана қалды. Басында тымау ғана болар деп елемеген оның температурасы бірер күнде жоғарылап қырыққа жетті. Өткен жылы ғана құрылған бұл артельде әлі аурухана жоқ еді. Жақын жердегі аурухана аудан орталығында ғана, оның алыстығы — бұл арадан қырық - елу километр. Егін жинау науқаны қызу жүріп жатқан кез болғанмен, артельдің председателі Шымболат мұғалімді пар атпен аудан ауруханасына апарып салды. Ондағы дәрігерлердің айтуынша, мұғалімнің өкпесі қабынған, сауығып шығуы үшін он шақты күн керек.

    Артельдің мектебі төрт кластық қана болатын, үй саны аз, сондықтан, бірден артық мұғалімнің бұл мектепке керегі жоқ. Былтыр ғана ашылған бұл мектепті, жоғарыда атаған тәжірибелі мұғалім еркін меңгеріп, саны шағын балалар түгелімен жақсы оқып келе жатқан.

    Мұғалім жазылғанша, Шымболат балалардың ересек жағын егін жинау жұмысына шақырды. Өзге бала баруға ынта білдіргенде, Жандос дейтін бала, Шымболатқа өз өтінішін айтты. Оның туған апасы өткен жазда көршілес колхозға ұзатылған еді. Араларында он шақты жасқа жақын айырмашылығы бар Жандос, апасымен өте тату боп өскен. Жаз оқудан қолы бос кезінде, екі күннің бірінде ол ретін тауып апасына барып қайтатын. Күз болып, шаруашылықтың қауырт шағы басталғаннан кейін, апасына барудан ол қалған: жеке барайын десе, әрі өзіндік көлік жоқ, әрі жалғыз баруға әзірге жасырақ — жасы онда ғана; қарт атасы Бектас қой бағу жұмысында, әкесі Қамбар жайлауда жатқан жылқының бақташысы, ол үйіне келмейді, әжесі Бүбі орталықтың сиырларын сауады. Шешесі Бәтия егін жинау жұмысында. Бұл үйдегі бар жан осылар ғана.

    Апасын шектен шыға сағынған Жандос, мұғалім ауырғаннан кейін атасын да, әжесін де, шешесін де барып қайтуға үгіттеп еді, ешқайсысының да атқарып жүрген ісінен қол тимейтін болды. Ол жаққа баратын басқа адамның да жобасы көрінбеді. Жандостың жеке баруға ойы кетті.

    Бірақ, апасының ауылы жаяу баратын жер емес. Жандостың ауылынан апасының ауылы он бес, жиырма шақырымдай жер, оған атпен бару керек, ал, тік тұяқты жылқы бұл үйдің өз меншігінде жоқ, бірақ қажетті жұмыстары бола қалса, артельдің председателі бұл үйдің көлік бермей бетін қайтарған емес.
  • Dias Avelbekovhas quoted4 years ago
    манадан астында тыпырлап жатқан қасқыр, үстіндегі шалды қырынан аунатып барады. Егер шалдың үстіне шықса жазым қылуы мүмкін... Мүмкін емес - ау, солай болатын сияқты, өйткені,— шалдың қимыл қарқыны манағыдай емес, алқынып, тынысы тарылғаны ышқына алған демінен айқын - ақ көрініп тұр... Сол алқынған қалпында, қолы қасқырдың алқымынан айрылса ғой, — арандай ашқан аузын салып жіберіп, тісі тиген жерін ойып алады!.. Жұрттың айтуынша, қасқыр не алқым, не шап сияқты қайдағы әлсіз жерден ауыз салады... Онда шалдың өлгені!.. Ол өлсе, баланы қасқыр құтқара ма!.. Бала да болса, Жандостың

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)