Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды бы- лай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауат- ты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше, бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан гөрі ғылымға сүйенбек.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бір хадисінде: «Мах- шар күні соғыста ағызылған шейіт қаны мен ғылымға жұмсалған ғалымдардың сиясы таразыға тартылған сәтте ғалымдардың сиясы басым түседі» делінеді.