Күшік күйеу, Тахауи Ахтанов
kk
Free
Тахауи Ахтанов

Күшік күйеу

Олжас Жиенкулов
Олжас Жиенкуловhas quoted3 months ago
«Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла».
Dias Avelbekov
Dias Avelbekovhas quoted5 months ago
Қабанбай (қалшылдап). Ай, өзі неткен дүлей-ай. Тіпті бар ғой, сөздің байыбына бармайды. Өзін де қатырдым-ау.

Бекболат. Иә, қатырдың.

Қ а б а н б а й. Сіздің өзіңіз мынандайсыз, апырай қызыңыз қандай екен, деген жоқпын ба? Қалай тауып айттым-ай.

Бекболат. Өміріңде бір тауып айтқан сөзің еді, бірақ соның өзі сорыңа көрініп тұр ғой.
Dias Avelbekov
Dias Avelbekovhas quoted5 months ago
Қабанбай. Түсінсем бұйырмасын.

Бекболат. Кейін түсінесің. Әрине, ондай үйге орналасу оңай емес. Саған қоятын үш шартым бар. Орындайсың ба?

Қабанбай. Сен өзің мені бір шатаққа ұрындырайын деп тұрған жоқсың ба? Ашып айтшы.

Бекболат. Бір шатаққа сен уже ұрындың. Mен сені шатаққа ұрындырмаймын. Тек менің шартымды орындайтын болсаң айт, болмаса пәтерді басқа жақтап ізде.

Қабанбай. Жарайды. Не де болса көндім
Ydyrys Dauletkhan
Ydyrys Dauletkhanhas quotedlast year
Бір келіншек айтқан екен: көршілердің көңіліне қараймын деп балаларым әкесіне тартудан қалды деп.
b8686185820
b8686185820has quotedlast year
Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды
b6685897626
b6685897626has quoted4 years ago
Бекболат. Құдай сақтасын. Биғайша апа. Тек бір жолға кешірім сұрап тұрғаным ғой. (Қабанбайға.) Әй, кешірім сұрап, аяғына жығылсайшы.
Қ а б а н б а й. Шок, мен жазықсыз жазғырған адамнан кешірім сұрай алмаймын.
Бекболат. Ой, сеп де бір... Биғайша апа, біз сізден үлкен кешірім сұраймыз, бір ашуыңызды қиыңызшы.
Б и ғ а й ш а. Жоқ, жолдас Жалғасбаев, құйрығыңызға шала байлансын демесеңіз — бүгін жатақтан тайыңыз. Бұл жақсылықтың өзін мына Бекболаттың сөзін қимағандықтан істеп тұрмын. Әйтпесе мына әктілерді ертең ректорға беріп түбіңе жетемін. Общежитиеден орып сұрап жүрген тәртіпті студенттер толып жатыр.
Бекболат. Биғайша апа, сіз керемет мейірбан адамсыз. Сізді сол үшін бәріміз жақсы көреміз. Енді бір шегініңізші.
Б и ғ а й ш а. Жоқ, енді шегінбеймін. Қарашы, демалыс күпі настроениемді бұзып... (Шығады.)
Қабанбай (қалшылдап). Ай, өзі неткен дүлей-ай. Тіпті бар ғой, сөздің байыбына бармайды. Өзін де қатырдым-ау.
Бекболат. Иә, қатырдың.
Қ а б а н б а й. Сіздің өзіңіз мынандайсыз, апырай қызыңыз қандай екен, деген жоқпын ба? Қалай тауып айттым-ай.
Бекболат. Өміріңде бір тауып айтқан сөзің еді, бірақ соның өзі сорыңа көрініп тұр ғой.
Қ а б а н б a й. Неге сорыма?
Б е к б о л а т. Енді жатақханадан кетесің. Болмаса бұдан да үлкен пәлеге қаласың.
Қабанбай. Өзім де кетем. Пәтерге шығам.
Б е к б о л а т. Пәтердің ақшасын қалай төлейсің? Ойлан.
Қ а б а н б а й. Қанша ойлансам да жазықсыз жазғырған адамның аяғына жығылып, бас ие алмаймын. Жұмыс істеймін. Дүкенге барып жүк түсірем, болмаса асханаға барып ыдыс-аяқ жуам. Әйтеуір бір нәрсе табармын. Тек маған бір пәтер тауып берші. Сенің араласып жүрген адамдарың бар ғой.
Бекболат. Ыдыс-аяқ жуам дейсің бе?.. Тоқта, тоқта. Маған бір керемет ой келіп қалды. Бір жерде бір пәтер бар.
Қабанбай. Ыңғайлы ма?
Нурик Аскаров
Нурик Аскаровhas quoted4 years ago
Б е к б о л а т. Саламатсыздар ма. Сіздерге бір аз ғапа әңгіме айтып бергім келіп тұр. Бірақ соңынан осы әңгімені айтқан кім, өзі бір суайт емес пе?— деп таласып, шекісіп қалмауларыңыз үшін алдымен өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Бекболат. Қай Бекболат дейсіз бе? Кәдімгі студент Бекболат. Иә, сол Бекболаттың өзі. Тұрағым жатақхана. Иә, мен ауылдан келдім ғой. «Ауылдан келгендерді де білеміз» депсіз бе? Әрине білесіз. Ә-ә, сіз (тамағын шертіп) мынаны айтасыз ба? Татып алмаймын десем сене қоярсыз, о. Әрине реті келіп қалғанда... Бірақ менің қалтамнан бірдеңе шығады екен деп алданып қалмаңыз. Мен байғұс сараң емеспін-ау. Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды. Тұрмыс халім мықты емес. Өйткені артымнан ай сайын ақша салып тұрарлық ата-аналарым да мықты емес. «Ендеше оқуға қалай түстің» дейсіз бе? Ұстаған жерін қарашы. Қой-қой ағайын, бас жағына барыспайық. Қытықты сөзге барып қайтеміз, одан да Қабанбай деген досымның бір хикаясын айтып берейін. Ол өзі жақсы жігіт. Бар міні сөлекет. Осы оқиға да соның сөлекеттігінен басталды. Әнекей, естідіңіздер ме?
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)