bookmate game
kk
Free
Ілияс Есенберлин

Маңғыстау майданы

  • Gúljaýar Bolatovahas quoted3 years ago
    Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын» дейтін өр көкірек, тентек, батыр рудан шыққан. Бірақ шөптің бәрі тікенек, адайдың бәрі тентек емес,
  • aya_ Hanova_has quotedlast year
    Мысалы, соғысты алайық. Әркім - ақ «соғыста мен өлмеймін, бөтен өледі» деп сенеді, Егер өзінің өлетінін білсе, ол соғысқа бармас еді. Жұрттың бәрі сөйтсе, әрине, соғыс та болмас еді. Жоқ, өйтудің орнына жұрт соғыстан бас тартпайды, өйткені өзі емес, басқа өледі деп ойлайды. Бұл не? Бүкіл адам баласының тағдырына кісінің тек өз басының қамы тұрғысынан қарауы емес пе? Иә, солай. Жоқ, Жәлел, адамды алға ұмтылдыратын да, өмір үшін күрестіретін де,
  • aya_ Hanova_has quotedlast year
    мәселе, деп тұжыратын Хәлел, сол өзіңе берілген мерзімді аз ба, көп пе, — қалай өткізуде. Лениннің өмір сүрген елу төрт жылы мың жылға бергісіз. Ал істеген ісі, тастап кеткен жолы әлі миллиондаған жылға кетпек. Әрине, жұрттың бәрі ұлы көсем тәрізді мәңгі жасай алмайды, бірақ әркім - ақ өзіне берілген сол аз жасты адал, парасатты етіп өткізуге тиісті».
  • aya_ Hanova_has quotedlast year
    Дүниеде ең ауыр қайғы — кешегі қуанышыңның бүгінгі қасіретіңе айналғанының қайғысы.
  • aya_ Hanova_has quotedlast year
    Украина халқының ардақты ұлы Тарас Григорьевич Шевченко келді. Ол бұнда жеті жылын еткізді және өзінің әйгілі «Қайыршы балалар», «Қазақ қызы Катя» тәрізді бауырмал елдің тұрмысынан алынған, сондай - ақ «Казарма», «Мемлекет жұдырығы» атты адамның жанын оятқан саяси суреттерін салды
  • aya_ Hanova_has quotedlast year
    Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын»
  • b2844214337has quoted2 years ago
    Әрине, өз басыңнан өтіп, жаның ауырмаған іске жауап беру қиын... «Алтын тіс қанша қымбат болғанмен, өзіңдікі емес қой», — дегендейін, жаның қанша ашып тұрса да, іс өз басыңнан өтпегені сезіліп тұрады...
  • b2844214337has quoted2 years ago
    Әрине, өз басыңнан өтіп, жаның ауырмаған іске жауап беру қиын... «Алтын тіс қанша қымбат болғанмен, өзіңдікі емес қой», — дегендейін, жаның қанша ашып тұрса да, іс өз басыңнан өтпегені сезіліп тұрады...
  • b2844214337has quoted2 years ago
    жаратылады. Кейбіреулер ынтызар боп қосылып, сырттай тіпті араларынан қыл өтпейтіндей тату - тәтті көрінсе де, тез тарқап, тез суынады. Бұған не себеп? Тек көңілдің аумалы - төкпелілігі ме? Әлде мінез - құлықтарының келіспегендіктері ме? әрине, бұлар да себеп. Бірақ адамның тез қосылып, тез суынуы, көбіне бірін - бірі жетік білмей табысуынан.

    Ал, екі жастың дұрыс ұғысуларына уақыт керек, оған жүрегі құрғыр шыдай ма? Махаббат шыдамсыз дүние. Шыдамсыздықты жоя алғанда ғана ол берік. Адамды ақыл емес, көбіне сезім билер болса, мұндайда өкініш те қатар тұрады.
  • b2844214337has quoted2 years ago
    «Жібекті жүн етеді түте алмаған» — дейді қазақ. Махаббат та бабын тауып тоқи білсе ғана жібектей мықты келеді. Сонда ғана махаббат сәнді және тез үзілмейтін, тозбайтын берік, шыдампаз жаратылады.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)