Смағұл Елубай

Quotes

Aikerim Kuanyshbayhas quoted2 years ago
— Өкіл жолдас айтқандай, бұ науқанның саяси маңызы үлкен екені рас... — деді Шеге ширығып, өткір көзі оттай жанып. — Құлақтарды тап ретінде жою саясатын қолдаймыз! Мен де қолдаймын!

Жорға Күрең мәз болып отыр.

— Шеге, сен мынаны айтшы! — деп, алға итініп, жымсия күлді. — Сен мынаны айтшы! Пахраддин құлақ па, жоқ па? Соны айтшы?

Жорға Күрең жымсиып күліп, насаттанып шалқайып отырды.
Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
Шонайдың туған жері Үстірт үсті болғанымен, ес біліп, етек жапқан жері Қарақалпақтың Шоманай, Қоңырат аудандары. Қазір де сол елден келеді. Бағыты — Алматы. Сонда адам болған ұлы туралы. Сағынып келе жатқаны бірақ ол емес. Анау Едіге дейтін жеті жасар немересі. Сол жаманы алдан қол бұлғап тұрғандай, тынышы кетіп, мойнын созып терезеге қарай береді. «Әй, күшік - ай» дейді немересінің кейбір сүйкімді қылықтарын еске алып. Жазға салым бұл елге жүрейін деп жатса, «Ата!» деп балпылдап, жанқалтасына әлденені тыққыштап жатыр. «Әй, бұның не?» десе, немересі: «Бұл қалта! Ауылдан асық алып кел!» дейді. Екі беті томпиып, ерні салбырап кетіпті. «Әй, күшік - ай...» Шонай алты ай жаз Қоңырат, Хожелі, Шоманай, Нөкістегі ағайын, жекжаттарды аралап қонақасы жеген сайын, асығын әлгі немересі беріп жіберген кішкентай қалтаға сала берді. Ол қалта жаз аяғына таман толған. Қазір қоржын түбінде жатыр. Қалта толы асықты қолына ұстата салғанда, немересінің төбесі көкке бір-ақ жетері сөзсіз. Жол жақын қалған сайын поездың жүрісі өнер емес.
Assel Tulegenovahas quoted2 years ago
Энергия – күллі жаратылыс «кірпіші». Жанды Адам да, жансыз тас та бір-ақ нәрседен жаратылған. Қоғалыс үстіндегі энергиядан жаратылған. Біз көзге көрінбейтін энергия мұхитының ішіндеміз. Мұхит табанындағы балықтаймыз. Ғылым тілімен айтсақ Жаратушы - сол тылсым энергия. Ол - біздің тұлабойымызда. Әрбір атомымызда. Сондықтан да қасиетті кітаптар «Құдай сенің жүрегіңде, ішіңде» деп қайталаумен келді.

Impressions

b4543997359shared an impressionlast year
👍Worth reading

Өте аянышты журекті тебірететін қазақ тағдыры. Бір сәтке сол кездегі әсерді сезініп оқиға желісіне кіріп көзге жас алдым. Барлықтарына кеңес беремін оқуға. Сол замандағы қазақтардың тағдыры көз алдарынызда бейнеленеді

  • Смағұл Елубай
    Ақ боз үй
    • 458
    • 35
    • 16
    • 3
    kk
    Free
  • b8138186529shared an impressionlast year
    👍Worth reading

    Пахриддин мен Сырғаның аштан өлгені, мал жейтін шөпті жегені😭

  • Смағұл Елубай
    Ақ боз үй
    • 458
    • 35
    • 16
    • 3
    kk
    Free
  • b3733243048shared an impression2 years ago
    👍Worth reading

    керемет туынды

  • Смағұл Елубай
    Ақ боз үй
    • 458
    • 35
    • 16
    • 3
    kk
    Free
  • fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)