Сәуірбек Бақбергенов

  • b0191492807has quoted2 years ago
    – Меніңше адамдардың бойындағы жақсы, керекті қасиеттің бірі – жеңілгенін, жығылғанын мойындау болса керек.
  • b0191492807has quoted2 years ago
    «Адам! Өте қызық! Дүниеде бұдан мықты, бұдан қуатты, бұдан жігерлі ештеңе жоқ. Жанды жансызда бұдан асыл зат, бұдан асқан күш және жоқ. Ал сондай күшті нәрсе ет пен сүйектен, қан мен теріден жасалған. Сондықтан да ол кейде нәресте көзіндегідей нәзік, жас шағындай таза. Ол кейде бала сияқты. Не болса содан жасып қалады. Не болса содан көңілі қайтады. Не болса соған ренжиді, болмашы нәрсе үшін қамығады, жапа шегеді. Ал, зәредей нәрседен қуат ап, қайта көтеріледі. Көңілі өсіп, шаттанады»
  • b0191492807has quoted2 years ago
    Дос болу оңай нәрсе емес. Достасушы бір-бірінің бойынан өздеріне лайық, әркім өзіне ұқсаған өзіне тән әйтеуір бір тәуір нәрсе таба білгендіктен де дос болады. Осымен дос бола салайын дегенмен дос болып жараса кету қиын. Мұндай достық ешқашан алысқа барған емес.
  • b0191492807has quoted2 years ago
    «Баланың аты бала, бас бақ емес. Ал баланың да баласы бар. Ең алдымен баланың төрт түрі болады. Бірінші бала – үй баласы, екінші бала – ауыл баласы, үшінші бала – аймақ баласы, төртінші бала, ең жақсы бала – ел баласы. Ел баласы алдымен елдің елдігін ойлар. Өз басының ғана емес, дүниенің басқаға да кеңдігін ойлар. Ел баласы егіз бола бермейді. Ол көбінесе жалқы туады. Өйткені оны халқы туады. Ол елім деп белін буады. Атаның жолын қуады. Ауыл баласын айлалап, аймақ баласын аймалап соңына ертеді. Үй баласы үй күшік, от басында, ошақ қасында қалады...»
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)