Төреқұлов тек мені ғана сынайды. Төреқұловтың мақсаты доктор тәрізді мені түзеу болса, рақмет, ондай далбас доктордың маған керегі шамалы. Менен басқа да клиенттері бар шығар. Төреқұлов сынағыш болса, Мәскеуде, өзі басқарған «Күншығыс» баспасында — «Алаш! Алаш!» деп зарлаған қырғыз ақыны Тыныстанов пен