Жұмыр басты пенденің өзі де осы шұғыла секілді- ау,— деді Мұқтар қаракердің басын тежеп,— кейбірі жарқ етіп дүниені қызыл арайға бөлеп біраз тұрады. Сосын... сосын өледі. Басқасы келеді өмірге. Бойынан нұр бөліп шығаратын жақсы адамдар маңдайымызға неге сыймайды екен осы. Әлде жанымызда ондай адамдар көп, бірақ елеп-ескермей жүрміз де оны. Оң беті ішінде абзал адамдар көп те болар. Қайдам... Дізгін үшімен келіп, дізгін үшімен кететін ғұмыры қысқалар — бір өңкей жақсылар...