kk
Free
Асан Омаров

Шәкәрім өмірбаяны

  • Асхат Таировhas quoted4 years ago
    Әрине, сыртқы жағдаяттар бір бөлек те, адамның жан дүниесі осу, даму, кемелдену талабы бір бөлек.
  • Асхат Таировhas quoted4 years ago
    Кім кімді де ұшпаққа шығарар құдірет бар болса, ол ғылым. Сондықтан оған әркімнің де таласы бар. Бірақ Абай:

    Иждиһатсыз, мехнатсыз,

    Табылмас ғылым сарасы
  • Асхат Таировhas quoted4 years ago
    Атам қазақтың мәтелі еркек адамның ақылы «Қырықтан соң толады, алпыстан соң солады» демей ме. Жаңағы сөзінде Шәкәрімге: «Адам қырық жасына дейін білім жинап, қырық жасында кәміл толады, ақыл-ойы, жігер-қайраты жетіледі» дегенді Абай да айтқан. Қырықты кемел жас санап үлкен лауазымды басшылыққа жасы қырықтан асқан адамдарды сайлайтын дәстүрлі елдер аз емес. Мысалды алыстан іздеп әуре болудың қажеті шамалы десек, Абайдың өзі де жасы 40-ғa ілінгенде ғана шығармашылыққа құлашын көсіле сермеді ғой. Неге? Өйткені, ақындығына ғалымдығының сайма-сай толысуы осы мезгілге келді. Мынаған қараңыз — ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің басты шығармасы «Абай жолы» эпопеясын жазу үшін дәл қырықтан енді асқан — 1938 жылы қолына қаламын алады.
  • Samal Tleuovahas quoted4 years ago
    н», — деп жазады Шәкәрім қажы . Кіші жүз мекендеген қияндағы
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Енді осы әнге байланысты таңғажайып бір оқиғаны оқырман назарына салайық. Бұл халықаралық фестивальдердің лауреаты, қазір Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі болып қызмет істейтін Тамара Жанқұлова (1976 жылы туған) деген әншінің Семейге келгенінде өз аузынан жазылып алынған оқиға. Ол Молдабек Жанболатұлының үстіде аталған «Тобықты — Шыңғыстау шежіресі» кітабында былайша баяндалған.
    «Алматыдағы «Ақ жауын» ансамблінің әншісі Тамара Жанқұлова туған елі Ақтау қаласына қыдырып барғанда көлік апатына ұшырайды. Қаншама уақыт ессіз жатқанын білмейді. Ауыр операциядан кейін бір аяғынан айырылып барып зорға қатарға қосылады. Кейін арбамен жүретін хәлге келгенде дәрігерлер «Халық қалай, әнші қыз?» — деседі. Үйткені, Тамара алғаш комадан шығып есі кіргенде әндетіп ояныпты.
    Сонда айтқан әнінің сөзі «Қайран қайғысыз, қамсыз күндерім, Сайран сауықты рахат түндерім» деп келетінін дәрігерлер естеріне түсіреді. Тамара болса, мұндай сөзі бар әнді бұрын айтқанын есіне түсіре алмайды.
    Бір жылдан кейін аяғына тұрып, Ақтаудағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешеніне жұмысқа орналасады. Бірде кітапханаға барып, әртүрлі өлең кітаптарын қарап отырып, Шәкәрімнің өзі білмейтін, бірақ есеңгіреп жатып айтқан әнінің сөзін кезіктіреді. Режиссерге келіп, сол өлеңді тапқанын, енді оған ән шығарғысы келетінін айтса, ол бұл өлеңнің әуенді сазы бұрыннан бар айтып, оны табуға көмектеседі.
    Әнді үйреніп алып айтып жүргенде өзі бұрын білмейтін әнді ессіз жатып қалай айтқанына таң-тамаша болады. Әннің сөзіне мән беріп оны нақышына келтіре айтқан сайын бойы сергіп, ой өpici өсіп, жігер-қайраты артқанын сезе түседі. Ойлана, толғана келіп, қауіпті апаттан аман қалуыма осы ән себепкер болар деп жориды. Егер үлкен сахнаға шығатын сәт болса осы әнмен шығуды мақсат етеді. «Ол мені өмірге әкелді. Мен оны өнер биігіне шығаруға тиіспін» деп іштей бекиді.
    Тамара 2003 жылы Мәскеуге Өнер институтына оқуға барады. Таңдау, іріктеу өте қатал. Кезегі келгенде кірген Тамараға қомсына қарап «тыңдай салайық» деген сыңаймен сарапшылар торағасы: «Өз ұлтыңның әнін айтып көр» дейді салғырт қана. Қатты толқып тұрып «Бұл ән — бұрынғы әннен өзгеректі» қалай бастай жөнелгенімді өзім де білмеймін дейді әнші қыз. Шығарманың мағынасын ұқпаса да оның сазды сарынан философиялық толғаныс көкірегіне ұялаған сарапшылардың жүзі жылып, ықылас - ілтипаты кілт өзгереді. Бірауыздан оқуға қабылданады.
    Сонымен өзін екі сыннан мүдірмей шығарып өмірге, өнерге қанаттандырған әнді де, оны шығарған Шәкәрім қажыны да Тамара пір тұтатын болады.
    Өзінің ең алғашқы бейнеклипін осы әнге жасайды. «Арманның ақ желкені» атты деректі фильмге де осы әнмен шығады. Ақтаудың ару қызы бұл күнде ән құдіретімен ұлы Шәкәрімге етене бауыр басып, оның киелі қасиетінің шапағатымен өнер биігіне самғауда» (Аталған кітап. 2-том. — Семей, 2004. — 126 —128 бб.).
    Шынында да мына болған оқиға киелі қасиеттің құдіреті емей не.
    Шығардым әндер жаңалап,
    Саларсың сынға саралап,
    Жараса ойладым,
    Әншілер салсын деп.
    Белгі болып бір мұра,
    Кейінгіге әнімнен де қалсын
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Жоғарыда Шәкәрімнің «Шымылдық үзер» күйін Абайдың батасын алған Ыбырай Елеусізұлы ақсақал баласы Жанғалиға, ол өз кезегінде Мерғали Ибраевқа үйреткен дедік. Ал, күйдің шығу тарихы қалай болған? Мұны Мекеңнен қалай естідім, сол қалпында баяндап көрейін.
    Шәкәрім бастатқан қыз алатын жігіттер тобы, жараулы жүйріктер қойсын ба, құдалар ауылына межелі уақыттан бұрынырақ жетіпті. Тамылжыған жаз айы. Жасыл желек. Айнала той қарсаңындағы абыр-сабырға толы: жүгіріскен үлкен-кіші, әр тұста асулы қазан-ошақ алтыбақан төңірегінде ән шырқаған қыз-бозбала, әйда! Осынау сәнді көрініс ақынның көңіл күйін асқақтата құбылтып, шаттық қуанышқа бөлейді. Жасыл жайлау төсіне арнайы кигіз үйлер тігу қамында жүрген үлкендер сыйлы қонақтарды қарсы алып, бас құдаға күйеудің отауы жабдықталғанша қыздың отауына жайғаса тұруды өтініпті. 30 жасқа жана ілінген қапсағай бойлы Шәкәрім үстіне фасоны қазақ киіміне мүлде ұқсамайтын, өзі тіккен аппақ шалбар - костюм киген екен. Мұндағы жұрт осыған да таң-тамаша. Ол ол ма, киіз үйдің төріне жайғасқан соң, портсигарын сыр еткізіп ашып, папиросын асықпай тұтатып алып, түтінін жай емес, сақина - сақина ғып дөңгелетіп кеп шығарған дейді, әр дөңгелек шыққан сайын күтуші жігіт-желең мен келін-кепшіктер «о, ғажабым!» деп шу ете түскен дейді. Сол кезде желбіреген үкілі шымылдық ішінде ұзатылатын қыз өз нөкерлерімен отырған ғой. Ол қыздар қалай шыдасын, «апырай, не керемет екен» деп, бірін бірі бастырмалап сығалағанда шымылдық та үзілсін. Қыран -топыр күлкі.
    Осы сәтте Шәкәрім сал «Әкел, бері!» деп, үкілі домбыраға қол созған дейді. Тұйғын құстай түйіліп, салалы саусақтары домбыраны шабыттана қағып-қағып жібергенде оның шанағынан төгіле жөнелген бұрын ешкім естімеген, мүлде ерекше бір күй күмбірі, шалқыған әуен отырған жанның бәрін тастай қылып баурап алған, олар құлақтан кіріп, бойды алған хәлде отырып қалған еді дегенді айтады.
    Мен естіген оқиға міне осы. Яғни Ыбырай ақсақалдың куәлігінше, «Шымылдық үзер» 1880 жылдардың соңында әлгідей жағдайда туған. Шәкәрімнің жас кезінде шығарған ән-күйлерінің бәрі дерлік сақталмаған. Мерғали ағаның орындауында талай адамдар естіп-біліп жүрген мына «Шымылдық үзердің» де нотаға түспей қалуы өзекті өртейтін өкініш.
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Ол Алматыдан, сол кезгі басшы азаматтар Ораз Исаев, Тұрар Рысқұловтар атынан Шәкәрімге шақыру хаттың келуі. Хаттың мазмұны: «Алматыға келіп, тарих зерттеу мекемесінде қызмет істеңіз. Қарауылда қанша жаныңыз бар? Шойын жолға қанша шақырым тұрасыз? Келіссеңіз, хат жазыңыз қаражат жібереміз» дегенге саяды.
    «Үй ішімізбен қатты қуанысып қалдың, — дейді Ахат. — Сүйтіп, ауылдағылар көшпекке даярланып, шаруаларын жайғай беретін болды да, мен жайлаудағы қорасында жалғыз жатқан әкейге жүріп кеттім». Қуанбағанда ше! Алмағайып заманың мынау. Бірақ қарт қаламгер астанаға барудан үзілді-кесілді бас тартып, оған мынадай уәжін айтады: «...Егер мен білген нақты тарихты бұрмалап, тек осы кезеңге сәйкестендіре жазсам, сонда мен кім болам? Кейін ақиқатты зерттеп — аршушылар болмайды деп айта аласың ба? Сөзсіз болады! Сонда кім боп шығам! Бір өлмей, екі өлгенім болмай ма?».
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Мынаған қараңыз — Абай әндерінің орындаушысы әрі насихаттаушысы болған Мәкен Тұрағұлқызы (1912-1999) Шәкәрімнің әндерін де жақсы білген екен. «1939 жылдың маусым айында, — деп әңгімелейді Мәкен апай, — Мұхаңдардың (М.Әуезов) Калинин көшесіндегі жаңа пәтеріне келдім. ... Абайдың әндерін орындағаннан кейін:
    —Иә, тағы қандай әндерді білесің? — деді.
    —Халық әндерін көп білемін.
    —Ә, оның дұрыс екен. Ал, менің білгім келіп отырғаны Абай төңірегі!..
    —Абай айналасынан, Майбасардың баласы Мұхаметжанның үш әнін, Шәкәрімнің оншақты әнін білемін.
    —Ойбай-ау, өзің үндемей жүріп, ән қазынасын көкірегіңе сақтай бергенсің ғой!... Мұхаметжан мен Шәкәрім жас жағынан тетелес. Екеуі де ән шығарумен қатар, өздері де келістіріп ән шырқаған, қыр далада салдың құрған адамдар. Ешкімге көп жария етпей, бұларды да жаздырып қой. Түбінде бәрінің керегі болады!», — деп ескертті» (Жұлдыз. — 1995. — №7-8. — 11 б.).
    Көріп отырмыз, Мәкен апай ғана емес, ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те ғұлама Шәкәрімнің әншілігін де, ән мұрасын да жақсы білген.
    Қазіргі күні алдыңғы толқын орындаушылардың орнын басып, Шәкәрім әндерінің туын ұстаушы семейлік әнші Келденбай Өлмесеков (1952 жылы туған) қана. Ол қажының «жан сыйы, ән сұлулығы» деп жазған әндерін ұзақ жылдар бойы шаршамай - талмай орындап һәм насихаттап келеді. Осы үрдістің болашақта да үзілмей жалғасуы қазақ әншілік өнері үшін аса маңызды нәрсе екені сөзсіз.
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Шәкәрімнің әндерін көзі тірісінде Әбдіғали Алдажарұлы (1899-1937), Әлмағамбет Қапсалямұлы (1870-1932), ақын Уәйіс Шондыбайұлы (1873-1925) сынды атақты әншілер орындаған. Кеңестік кезеңде Керімқұлов Қабыш пен Әбдіғалиұлы Ниязбек (1914-1988) Шәкәрімнің бар әнін білетін үздік орындаушылар болды.
  • Maulen Janbolathas quoted5 years ago
    Әншіге қойылар талаптар жайлы философ ақынның өз пікірі мынадай:
    Маңызсыз айғай ән болмас,
    Татымды онда мән болмас.
    Сазды үнмен билеп ал,
    Тыңдаушы ойын.
    Елжіретіп жүрегін,
    Әсер беріп, ән балқытсын бойын.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)