– Әже, әже! Қарашы – деді алақанын ашып.
– О, мынау менің жүзігімнің көзі ғой! – әжесі қуанып кетті, – қайдан таптың?
– Мұны көк түйме тауып берді! – деді Алуаның жүзі бал-бұл жанып.
Әжесі көк түймені алақанына салып, мейірлене қарады. Алуа да қараған. Көк түйме сондай әдемі болып көрінді. Көкшіл реңінен жылылық байқалады.