Олар зал ортасындағы сопақ үстелге жайғасты. Соған карағанда, оларды мұндағылар таныса керек официант виски мен мұз салынған шелекшені дереу жеткізіп, сосын менюді таратты. Олар кім, қайдан – мен білмеймін, бір білерім соны немен аяқталатыны. Жаңа жобамен танысуға немесе ескісін талқылауға келгендері сөзсіз, әуелі сылқия ішеді, сосын айтқандарын мүдірмей қайталап шығады, аяғында қол алысып тарқайды. Нюанс, қыздардың біреуі масаяды, оны бір еркек таксиге шығарып салмақ болады, қосымша, сәті түссе төсегіне сүңгиді. Классикалық сюжет, ғасырдың картинасы.