kk
Free
Ыбырай Алтынсарин

Сәтемір хан

1 printed page
Original publication
2011
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • young&uglyhas quoted7 years ago
    Сәтемір хан
    Сәтемір жеті жасар күнінде атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда құлап түседі; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барғанда тағы кұлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыр бар күшін салып, қисая-мисая барып, тамның төбесіне шығып кетеді. Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: кұдайтағаланың жаратқан жан-жануарының ең кішкентайы осы кұмырсқа-екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жұмыстанып жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті; тамның басына шықты; мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен, деп ойынын тастап, қалаға барды. Қалада бір зор білімді, оқымысты молда бар екен, coғaн үй сыпыруға жалданып, ақысына оқу оқыпты-мыс.
    Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)