Көзі қарақты оқырмандардың назарына ұсынылып отырған кітап мейірім-шапағаттың теңдессіз үлгісі болған ақырғы елші Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағылымға толы өмір жолынан сыр шерте отырып, Ислам тарихында орын алған ірілі-ұсақты оқиғалардың шынайы шындығын нақтылы деректермен бедерлеп, айшықтап берумен қатар, тарих көшіне ілесіп ғасырлар бойы өз биігіне шырқай түскен Ислам дінінің бүкіл адамзатқа ортақ құндылықтары туралы ой-толғаныстарын да көркем тілмен баян етеді.