kk
Free
Мұхтар Әуезов

Түркістан солай туған

  • Куралай Жайлаубаеваhas quoted5 years ago
    Осы жайлардың бәрін өр жерге бас сұғып, шолақ қана тілге келіп, аңғарып шолып алған Строгов енді Тұрсыновқа бар жұрты атынан колхозшыларға алғыс айтуды тапсырды.
    Тұрсынов Сәлмен бастаған қарасақал, бисақалдың, әр жастағы әйелдердің жиырма шақты кісілік тобын жинап алып, өз жанынан да қазақша бапты достық, сыйластық сөздер айтты. Строговтың көп атынан білдірген ырзалығы мен алғысын жеткізді. Осыдан кейін қалған жайды Тұрсынов пен басқа көмекші жолдастарына тапсырып, Строгов қазір тезінен қайтадан кешегі жолмен, тоқсан километр жердегі сонау Шолақтауға және асыға жөнелетін болды.
  • b9927737821has quoted8 years ago
    тотыққан сарғыш жүзіне қып-қызыл ашу қаны ойнаған,
  • b9927737821has quoted8 years ago
    Жон үсті жақында жауған қарын қуғылайды. Алыс жиек қана емес, жақын жерлердің өзінде де ирек-ирек күртіктер үстінде түтіндей, құйындай бұралып шалқи түсіп, жаяу боран — ақ жорға жүре бастады
  • b9927737821has quoted8 years ago
    тәрізді. Көз реңі жасыл көк емес, ақшыл көк. Адамның түсіне ғана емес, ішіне де қарағыш шыншыл көзінде сирек бір саналы оттар қалушы еді.
  • b9927737821has quoted8 years ago
    Бұның көзі өзгеше бір қажырдың, сабырлы ақылдың көреген көздері тәрізді
  • b9927737821has quoted8 years ago
    "Не глушить мотор!" Ол тракторға ғана айтылған емес! Қажымасқа, берілмеске, тоқтамасқа сен екеумізге де арналған ұран!
  • b9927737821has quoted8 years ago
    Айнала құлан елсіз, мүлде меңіреу. Трактор тына қалса, теңіз түбіндей үнсіздік әлемі басады, ол мелшиген жым-жырт.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)