бір қуаттан ширыға түрегелді. Біліп істесе де, білмей істесе де, бірден Дингоның туа сала шорт кесіп тастаған шолақ құйрығын ары-бері иіскелеп, жаланып қоя берді.
Келтек құйрығы тыным таппай шыжбыңдап, Дингоны шыр айналып, асты-үстіне түсіп, мәжнүн болды да қалды.
Динго қылымсып, онымен қақтығысып, қақпақтай омырауымен оны қағып кетіп, ойқастап ойнағысы келді. Сөйте-сөйте, бірін-бірі қақпайлап, огородты аяқ жағындағы сәмбі талдың жықпылына кіріп кетті.
Тығыншықтай доп-домалақ Алапар рәзіңке допша домалайды. Аяқтары арбиған ақалтекедей Динго арсалаңдап, Алапарды керіскедей кеудесімен қағып кеткенде, байғұс мәстек құлап қалып, құлдыраңдап қайта тұрады.