Ал енді басқалар ше, күн астында өмір сүрген барлық адамзатқа айтар сөзім бар. Оны қалай айтамын, қайтіп оны әрбір адамға жеткіземін?..
Ә-ә, аспанда жарқыраған күн, жер қыдырып сен айт!
Ә-ә, сапар шеккен бұлт, нөсерлете төгіп, әрбір тамшыңмен сен айт!
Жер дүниенің барлық түкпір-түкпірінде адамды асырап баққан Жер, сен, сен айт, Жер-ана!
— Жоқ, Толғанай, сен айт. Сен — Адамсың. Сен бәрімізден биік, бәрімізден ұлы жаралған жансың, сен айт, сен — Адамсың!..