Құдай-ау, мәңгілік тіршіліктің жоғын сезе тұрып, Апам сынды адамдарды жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық. Хан көтеріп, пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп, өлтіріп алдық; егер олар ортамызда жүрген шағында ардақтап, әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек — өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде-ақ өлтіріп аламыз...