Әлем келбеті (көркем шығармадағы) жанрға тәуелді. Әр жанр бейнені өз мүмкіндігімен, өз тілімен, өз заңымен сомдайды. Демек, біз білетін анық Абай, лирикалық «Мен» – өз өнерінің айнасындағы кемел Тұлға. Естеліктегі, аңыздағы Абай – ел көзімен, замана қалыбымен өлшенген «сыртқы» Абай.