Қазақтың белгілі жазушысы, проза шебері әрі кинодраматург Дидар АМАНТАЙ ел назарына ұсынып отырған бұл кітабына өзектес, сабақтас, тақырыптас шығармаларын енгізіп отыр. Автор кез келген туындысында қаһарман мінез-құлқын қимыл-әрекеті, пәлсапалық ойы және диалогтары арқылы жан-жақты ашып суреттеуге талпынған. Қаламгердің ойынша, әдебиет дегеніміз — сағынышқа құрылған мөлдір әңгімелер. Кітаптың тілі шұрайлы, бояуы қанық, оқиғалары қызықты. Жинақта топтастырылған барлық әдеби көркем шығармалар Дидар АМАНТАЙДЫҢ авторлық меншігіне жатады.