Мең-зең, өң мен түстей халде. Басында түк ой жоқ...— деді қыз.
— Айналайын, не айтып жатырсың?
— Жақында бір кітап оқып едім, сол есіме түсіп жатыр. Бас кейіпкеріне автор «Мең-зең, өң мен түстей халде. Басында түк ой жоқ...» дейді көбіне. Сол кітапты менің жолдас қызым да оқып еді, оған ұнаған жоқ. Басында түк ой жоқ болса, ол қандай герой дейді. Ал маған сол геройдың басы толып жатқан шым-шытырық ойларға сықап тұратын сияқты. Сіз қалай дейсіз?