кiрiп кеттi де:
– Атшабар, атшабар!– дедi.
Атшабар келсе, жанжал келетiнiн балаға шейiн сезетiн.
Мойындарына былғары сөмке салған, төсiне қақпақтай үлкен-үлкен жез знактар таққан екi атшабар үйге кiрiп келгенде, тұлымды қыз:
– Әне, әнеки, әке!– деп, әкесiнiң қойнына жабыса түстi.
– Өй, жандарым, немене шулатып жүргендерiң?– деп, Үркiмбай жақтырмай қарсы алды