Тарихтың әр сатысында, халық арманының бір тоғысқан түйінді кездерінде осындай адамдар туады. Олар өздерінің мақсаттарына жету үшін халықты да, тарихты да, бәрін де пайдалана біледі. Бұларда құр ғана қаныпезерлік, адамды аямастық қана емес, ақыл да, амал да мол келеді. Кенесары да соның бірі. Егер осындай адам миллиондаған халқы бар үлкен елге жаратылса қайтер еді?