bookmate game
kk
Free
Джеймс Гринвуд

Өгей бала

  • Moldir Gabidenhas quoted7 years ago
    ӨГЕЙ БАЛА
    (повесть)
    I
    ӨГЕЙ ШЕШЕ
    Мен жетіммін. Алтыға толған кезімде шешем қайтыс болып, іле-шала әкем басқа біреуге үйленген. Өгей шешем ашушаң, керенау жалқау, бірақ қулығына құрық бойламайтын әйел еді. Жұрт оны миссис Берк деп атайтын. Мені ол күні бойы ауыр жұмыспен титықтататын, бала уатқызып, құдықтан су тартқызатын, үй ішін жинатқызып, дүкенге зыр жүгірткізетін және тамаққа бір тойғызбай, аш құрсақ ұстайтын. Әкей күн сайын ертеңгісін үйдің оны-мұнысына деп ақша қалдыратын, бірақ онысы арақтан артылмайды, өйткені шешем маскүнем, арақсыз күні жоқ болатын.
    Әкейді алдау үшін мені дүкенге жұмсап, тиын-тебенге көп жатып қалған, талғажау етуге де татымайтын сүйек-саяқ алдыратын да: "бұл біздің түскі асымыздан қалғаны!" — деп қарап отыратын.
    Әкей үйге тек кешкілік бірақ оралады. Ол шалқыған бір бай көкөнісшінің базардағы сатушысы болатын. Сөйтіп, күн ұзағына қатты шаршайтын.
    Оған кешкілік ас әзір тұратын, ал мен көбіне таңсәріден бір тілім наннан басқа ештеңе татпайтын болғандықтан, бір кесім ет жегім келіп құлқыным құрып тұратын. Өгей шешем маған әкемнің өз ыдысынан бірдеңе салып бергенін көрсе, бірден өтірікті соға жөнелетін.
    — Жан серігім, Джеймс, — дейді ол, — балаға тамақ бермей-ақ қой. Ол асқа бөгіп, ауырып қалар. Тамақсау-ақ өзі. Бүгін түскі аста мен оған қойдың етінен үш рет лекілдете салып бердім. Ол үш адамға әбден жетер еді.
    — Өй, оңбаған! — деп даусын көтереді әкем. — Айналсоқтап шықпай, бір ай бойы тісіне ет тимегендей, кісінің аузын бағады. Бар, ұйықта, мешкей неме. Әйтпесе таяқ жейсің.
    Аш құрсақ күйімде ұйқыға кетемін. Ақталуға да дәрменім жоқ.
    Бірде мені өгей шешем оңдырмай алдап соқты. Оған бір әйел қонаққа келген. Сөйтіп олар екеулеп әкемнің түскі асы мен кешкі асқа тастап кеткен бар ақшасын ішімдікке салсын. Қонақ кетіп, аздап есін жинағаннан кейін өгей шешем сасайын деді: егер әкем үй-ішінің тамақсыз қалғанын білсе, оңдырмайтыны анық. Оның үстіне бір жерден әкемнің кешкі асына ақша табу керек. Бірақ, қайдан?
    Ол жылап-сықтап, аянышты дауыспен сарнай бастады.
    — Жазған басым, мен сорлы енді не істеймін? — деп еңірейді. — Қазір әкең келіп қалады, қарғам Джимми. Ет сатып ала қоятын ақшам жоқ менің. Неммен тамақ жасай қояйын. Соққыға жығады ғой мені. Жазған басым бағы ашылмаған сорлымын ғой.
    Оның көз жасы мені тебірентіп, "қарғам" деген жылы сөзі жүрегімді елжіретіп жіберді. Мен өгей шешеме жақындап келіп, оны жұбатып, қандай көмек керегін сұрадым.
    — Сен мұны айтып қана тұрсың ғой, Джимми, — деді ол, — ал ойлағаның басқа. Әрі мені аямайтының да рас, мен сені еркелеткен емеспін. Шіркін, осы қырсықтан бір құтылсам, мен сені саусағымның ұшымен де түртпес едім.
    Өгей шешемнің мүләйімсіп, кінәсін мойнына алғаны мені одан әрі қатты тебірентті.
    — Сіз маған қандай көмек керек екенін айтыңызшы, мен бәрін де істеймін, — деп аптыға сендіріп жатырмын.
    — Әрине, маған көмектесуге болады, сүйікті Джимми, бірақ менің оны сұрағым жоқ. Міне, саған біржарым пенс, қалай жұмсасаң да еркің.
    Миссис Берктің жомарттығы мені таң қалдырды. Енді мен оған қандай көмек керегін сұрап бәйекпін.
    — Иә, жаным, байқайсың ба, — деді ол, ақыр соңында, — менің саған ақша бергенімді, кішкентай қарындасыңа дәрі сатып алу үшін сені дәріханаға жұмсады деп әкеңе айта аласың ба? Ал сен сол ақшаны жоғалтып алдым деп айта аласың ба? Бұл қиын емес қой, Джимми.
    — Ал, әкем мені сойып салса қайтемін?
    — Жә, достым. Ол бола қоймас. Мен осында боламын ғой. Мен алпамсадай біреу саған тап беріп, сені итеріп жіберіп, ақшаңды тартып алып, қашып кетті деймін әкеңе. Ал сенің еш кінәң жоқ қой. Әкең сені ұрмайды, соған сен. Ал енді бар, қыдыр, өзіңнің бір жарым пенсіңе қалағаныңды сатып ал.
    Көңілім күпті болғанымен мен кете бардым. Бұл кеште мен үйге әдейі асыққан жоқпын. Өгей шешем жоғалған ақшаның тарихын әкеме айтып үлгерсін деймін.
    Мен үйге кіргенде әкем есіктің жанында белбеуін ұстап тұр екен.
  • Эльмира Ажибекhas quoted5 years ago
    Егер бақыт қолыма өзі келіп қонбайтын болса, онда оны мен өзім ұстап аламын
  • Алмас Себаевhas quoted4 years ago
    стақандарға құйды да, әкем мен өгей
  • b6019844553has quoted8 years ago
    Кеш түскен, он бір шамасы болатын, бірақ көшеде халық көп. Бізді әр қадам сайын итермелейді, бірақ біз қиналсақ та ілгері келеміз.
    — Тезірек жүрейік! — деп ескертті маған қарай бұрылған Рипстон. — Енді көп қалған жоқ.
    Бұл ескерту мені қуантып тастады. Біз кен жарық көшеге шыққанымызда: "Менің серіктерім қандай жерде тұрады, мен де осында қуана өмір сүрер едім!" — деп ойладым. Бірақ кейіннен ішіме күмән енді. Олар үйге барамыз деді, бірақ мені өздерімен бірге шақырған жоқ. Олар өздері тұратын үйге еніп кетеді де, мені көшенің ортасында қалдырады. Рипстонның "Жүрейік, енді алыс
  • Үндеуқызы Айымhas quoted2 years ago
    Мен өзімнің анамды, ол қайтыс болған кешті, оны жерлеген күнді еске түсірдім
  • Erasil Abdigaparhas quoted2 years ago
    Шынында да көресінді көретінімді білемін, сөйтіп жыларман болып Поллиді көндіруге тырысатынмын. Ол қайдан оңай көне қойсын. Өгей шешемнің даусын естіген соң ол бұрынғыдан да қатты жылай бастайды. Қорыққаннан зәрем ұшып, көрші бөлмеден естілген аяқтың дыбысын, есіктің ашылғанын естимін. Міне, енді ашуланған өгей шешем түнгі көйлегімен, түнгі телпегімен бөлмеме шабына кіріп келетін. Бір сөз айтпастан ол маған тап беріп, жалаңаш күйімде аямай соққыға жығатын. Ол менің басымды жастыққа тығатын, сөйтіп мен тіпті айқайлай да алмайтынмын.

    Әкем оның маған не істейтінін білмейтін: егер балаға әзірленген тағамды тағы да жеп қоятын болсам, өгей шешем мені таяққа жығатынын үнемі бақырып қайталай беретін.

    — Оны несіне босқа қорқыта бересің? — деп айқайлайды басқа бөлмеден әкем. — Боққа тұрмайтын мешкейдің дұрыстап сыбағасын бермейсің бе, әйтпесе ол саған пысқырып та қарамайды.

    — Иә, менің де енді шыдамым таусылатын шығар! — дейді өгей шешем. — Байқа, оңбаған неме.

    Содан кейін ол бөлмесіне оралып, әкеме:

    — Ұрудың керегі жоқ, Джеймс. Баланы ұрып жақсы ете алмайсың, — дейді.

    Маған тиген таяқтан соң, бір қызығы Полли бүрісіп, ештеңе болмағандай ұйықтап қалатын. Бұған қарап әкем шынында да мені қаласам баланы уата алады деп ойлайтын. Бірде мен шыдай алмай, өгей шешем жөнінде шағым айта бастадым.
  • b1938225029has quoted2 years ago
    Уинкшиптен "ит болып үруші" деген кім деп сұрадым. Ол маған тауарды аралап жүріп, сататын саудагер жалдайтын бала екенін түсіндірді.
  • b5076294991has quoted2 years ago
    балаларды көремін. Бір-екі пенни тауып, тамағына
  • b6182154729has quoted2 years ago
    Егер бақыт қолыма өзі келіп қонбайтын болса, онда оны мен өзім ұстап аламын
  • b0405726160has quoted4 years ago
    кезде оның қалтасынан алуды
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)