bookmate game
kk
Free
Сайын Мұратбеков

Жусан иісі

  • Asem Estelikhas quoted5 years ago
    − Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,-деген.
  • Shugila Nishanhas quoted3 years ago
    Топырағың жеңіл болсын, әже!» деп шашып жіберді.
  • Мадина Тулегенhas quoted4 years ago
    Қу соғыстың бесіктен беліміз шықпай жатқанда-ақ біздің жүрегімізге салған жарасы қаншама еді. Сол жараның тыртығы өмір бойы удай сыздап, жанға батып өтер-ау. Еш уақыт ұмытылмас. Асыр салар балғын шағымызда тағдыр біздің қабырғамызға да бар зілін салды ғой. Сонда да болса басқамыздан гөрі Аянға қатты батып еді. Тағдыр оған дегенде ештеңесін аямады.
  • Akyl Yerbolatova-Chabdarovahas quoted4 years ago
    Ауылға жаңа бір баланың келуі біз үшін нағыз мереке болатын. Әрқайсымыз оның көзіне түсіп қалуға тырысушы едік.
  • Aika Aikahas quoted5 years ago
    Бұл дүние - ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық.
  • merwerthas quoted2 years ago
    Жазға салым Жусандытөбе жақтан қоңыр салқын самал еседі. Ашқылтым иіс аңқиды. Жусанның иісі. Сондайда есіме тағы да Аян түседі.
  • Айым Захэр-Мұстафаеваhas quoted4 years ago
    олар кешкі шайларын ішіп болғанша Аянды күтіп отырам. Бапайдың кемпірі шалы екеуіне ғана майға бөктіріп талқан шылайды да, «сенің тісің бар ғой» деп Аянның алдына бір уыс қуырған бидай төгеді." Міне, Аянның кешкі қорегі осы. Ол үн-түнсіз қытырлатып отырып алдындағы бір уыс бидай біткенше шай ішеді де, онан соң шынысын төңкеріп қуысқа келеді. Келе бірден сыбырлай сөйлеп:

    − Ертегі тыңдайсың ба? - деп алады да, менің бас изеуімді күтпестен-ақ: - Баяғыда бір жетім бала бопты...- деп бастай жөнеледі.

    Бір тәуірі Бапай да, оның кемпірі де біздің сөзімізге құлақ салмайтын, Майға шылаған талқанды көсіте асап, ыстық шайға бойы бусанған қарт, қолтығындағы жастығын мыжғылай түсіп, рақаттана кекіріп қоятын да:

    − Енелеріңді ұрайын, осы екеуінің-ақ сыбыр-күбірі бітпейді екен, ә. Қыз алып қашқалы ақылдасып жүргеннен саусыңдар ма-ей?! - деп әзілдейді. Кемпірі болса қабағын кіржитіп:

    − И-и, жаман ит үрегеш келеді - деп, мына біздің ұл мылжың көрінеді ғой,- дейді.

    Екеуі де осымен тынады. Жатарында кемпір: «майы таусылады»,- деп өзі сығырайып тұрған жетілік шамның білтесін онан әрмен сығырайтып басып тастайды. Мұнан кейін біздің бар-жоғымызды естеріне де алмастан екеуі екі жақтан тәтті қорылға басатын.

    Олар ұйықтасымен-ақ Аян әлгінде ышқырына тыққан күйелеш масақтарды алып, үгіп-үгіп аузына құятын.

    − Жеп көрші, тәтті,- деп бір-екі масақты маған да ұстатын. Үгіп-үгіп шала піскен дәнді мен де аузыма құямын, бірақ шикі дәмі білініп тұрғандықтан жұта алмай, шайнап-шайнап түкіріп тастайтынмын.

    Кейде мен үйден нан алып келетінмін. Аян нанды көргенде, көзі отша жанып, екі ұртына кезек бұралай тығып, қақалып қала жаздайтын. «Тағы да бар ма? Тағы да?..» - деп менің қалтамның түбіндегі қоқымға дейін қағып, дегбірі қалмаушы еді.

    Бір күні балалар екіге бөлініп қар атқыласып ойнамақ болдық. Ортамыздан екі атаман сайлап, қалғандарымыз екі-екіден жұптасып, әлгі екі атаманның қарауына тең бөліне бастадық. Бұл ойынға Аянның да қатысқысы келген. Бірақ екі атаманның екеуі де оны өз топтарына алудан бас тартты.

    − Ой, қой, сен жүгіре алмайсың шойтаңдап,- деді олар. Аян үшін мұнан ауыр жаза жоқ еді. Ол көзі жасаурап, ақсақ аяғын сүйреткен күйде екі иіні
  • laurasabirbaevahas quoted5 years ago
    − Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылықта жыламай бақ,-деген.
  • Надежда Алмасовнаhas quoted5 years ago
    қыстың сай-сүйектен өтіп дірдектеткен ызғарлы суығын ұмытып, ішекті түйнеген күлкіден қиқылдасып-шиқылдасып, көзіміз бен мұрнымыздан сорамыз бірдей ағып,
  • Раушан Толегенhas quotedlast year
    Аян қараңғы бұрышта бір уыс боп бүрісіп, екі алақанымен бетін басып солқылдап жылап отыр екен. Ұзақ жылады. Онан соң көзін сүртті де қорадан шықты. Сыртқа шыққан соң көрдім, көзі қып-қызыл боп кетіпті. Маған қарады да өз-өзінен жымиып күлді.

    - Күн ыстық, э, - деді.

    Осыдан кейін бір жеті өткен соң, ертеңгісін он шақты қозы-лақты тауға қарай өргізіп жіберіп, қайтар жолда Бапайдың есігінің алдында тұрған арбаға көзім түсті. Бірсыпыра балалар осы арада екен. Аян жолға жүретін адамдай бар-жоғын киініп апты. Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:

    - Аян балалар үйіне кеткелі жатыр, - деді
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)