Мен оқыған ең терең романдарының бірі...... Романның алғашқы беттерін ашқанда-ақ туған жерді қимай Алматымен қоштасып соғысқа аттанып бара жатқан бір топ жауынгерлерін көріп, елестеген кезде....аххх...Шіркін, кең далам, туған жерім —ай.... деп, көзіме жас келді....
Раушанның өліміне жүрегім тым ауырып кетті. Соғыс сұрапылын өз көзіммен көргендей болдым 😭
Өте әсерлі керемет кітап. Соғыстың барлық бейнесі ашық суреттерден, сол үшін ризамын. Кітап ұнағандарға Дулат Исабековтың Біз соғысты көрген жоқпыз деген кітабын ұсынғым келеді
Өте әсерлі,керемет роман.Соғыстағы қиындықтар,махаббат оқиғалары,өзекті өртейтін өкініш,соғыстың үлкен зардабы,адами қасиеттер барлығы дерлік баяндалады.Осы романды оқуға кеңес беремін!
Ең керемет романдардың бірі👍🏻 Бірінші бөлімнен ақ көз алу мүмкін емес. Әр бөлімді оқыған сайын бәрі көз алдында болып жатқандай қимастық, сүйіспеншілік, ерлік....
Қандай керемет ,жазылған