Бір демде оқып шығатын туынды. Аяқ жағында жарқ етіп жақсылықтың нұры келеді ме деп ойлап едім, өмір ертегі емес... Кеңес беремін, оқып шығыңыздар👍🖊️
Өте тамаша! Төлен Әбдіков сондай шебер-ақ екен.
Шыққан тегіңді білу, оны қадірлеу - бақыт
Тақырыбы қызықтырып еді, сюжеті дәл сондай қызықты. Бұл туындыдан кейін өмірімізді одан да бағалай бастайтын сияқтымыз.
Бұл кітап, кітапты енді оқып келе жатқандарға жақсы келеді.Сөздерді оңай түсінуге болады. Ойландыратыны сөзсіз,кірген соң шығу өте қиын.Оқып бітірген соң қайта оқығын кеп тұрады🫶
Біз қандай биік шыңға шықсақ та, сол биіктікке жеткенге дейін кім болғанымызды ұмытпаумыз қажет. Қаншама жылдан кейін өткенге сапар шеккіміз келетіні балалықтың бал дәмін аңсайтындықтан. Тегінде адам баласына атақ, ақша біте бастаса, өзімшілдігі басым болары сөзсіз. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген қазақтың даналығыннан асқан сөз жаза алмасымыз белгілі. Бас кейіпкер кез- келген адам қолы жете алмайтын даңқта бөленсе де, тайпасының аман қалуына өз үлесін қоса алмағанына қапалы. Біздің қандай атағымыз болғанымен ұлт алдындағы перзенттік борышты өтеу парызымыз. Қолында барлығы бар адамның дәрменсіздігін көру- адамзаттың қателігімен туатын өмір шындығы....
Атауының өзі ұзақ ойға, оқиғаға апарады. Адамның адамға жасаған қайғы-қасіреті, қуаныш. Өте сауатты философиялық ой. Ғасырлық мұра секілді. Басты кейіпкерлермен бірге қанша жыл емес, ғасырлардан өткен тәрізді...
Өте күшті кітап
Мен сонааву бала кезде 94 жылдары оқығам есімде мәңгіқалып кетті.
Керемет ақиқаты мықты образ, идеологиясы бар туынды.
керемет сезімге бөліндім