kk
Free
Марат Қабанбаев

Бауыр

  • Диана Жақияқызыhas quoted3 years ago
    Адам жаны мөлдір әйнек, шытынатып алсақ, қайта жамай алмаймыз...
  • Қалман Әселhas quoted2 years ago
    шырасатын қызық кездесудің бал қаймағын талмап, бар дәмін шырғасын шығармай татқысы келіп тұрған секілді.

    «Алыстағы ағаң...» дегенде Қали бетін бермен бұрды. Бұл жолы зер салып қарады. Бағзы жылдарда біреуді біреу біліп болмайтын қанбазардың қақ ортасында кездейсоқ ұшырасып қалған көлденең көк аттыны қазір түстен тани алмай тұрғандай жүзінде толқу бар. Баяғыда бүйірі түскен қара чемоданын арқалап, астанаға оқу іздеп аттанғанда Манапты ешкім шығарып салмаған, оқуына түсіп, қуанышы қойнына сыймай қайтқанда жан адам қарсы алмаған. Сол себепті ме, Манабың мұндай сын сәтте қайту керектігін білмейді екен, құшағын жайып жіберіп, «Ой, бауырымдап!» ентелей жүгірудің орнына, қаққан қазықтай қы
  • asemmwwhas quoted2 years ago
    Шын жүректен шыққан сөз ежелден төрт аяғынан тең түсіп жорғалап жүре бермейді.
  • asemmwwhas quoted2 years ago
    Адам жаны мөлдір әйнек, шытынатып алсақ, қайта жамай алмаймыз...
  • b0486752953has quoted2 years ago
    вокзал алды саябыр
  • The best kinohas quoted3 years ago
    тез жинап алды. Манаптың жиырылған жөнінен сойдиып шығып тұрған білегіне қадалды.

    − Уақытыңыз қанша?

    − Бес минутсыз бес.

    − О! − Қали атып тұрды. − Отырып қалыппын. Уақыттан ұтылсам, жарыста ұтылғаным. Бес жарымда жаттығу бітеді. Тым болмаса, қалғанына қатысайын. Жаз бойы салмақ қосып, бұлшық етім босап кетіпті. Қош бол...- дей берді де, тілін тістеді. − Сіз... қонасыз ба?

    Манап төмен қараған күйі:

    − Жоқ, кетемін. Кешкі алтыда поезд бар,- деді.

    − А-а... Сапарыңыз сәтті болсын! − Серпіндей басып спорт залына қарай ұрып жөнеле берді.

    Орындық үстінде қырық алтыншы костюм көлбеп жатыр.

    − Бері кел, Қали!

    Бұрылды.

    Жақындады.

    − Кешіріңіз... Маған сыймайды. Артық та емес. Қатар жатқан Эльдар Ғиззатуллинге құйып қойғандай екен. Бірге оқимыз. Бойы тәштік. Соған сіздің атыңыздан сыйлайын. Ренжімейсіз бе?

    − Түк ренжімеймін.

    − Рақмет! − Костюмді қолтығына қысып, жаңағы сара жолына түсті.

    − Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін... келетін шығармын,- деді Манап ізінше.

    Естімеді ме, Қали сызып кете барды. Баспалдаққа екі-ақ ырғып шығып, кілт бұрылды да, қолын бұлғады. Күлімсіреп еді, үстіңгі ернінің сол жақ құйрығы шапши қалды. Орындық қасында тұрған Манаптың тұла бойы дір етті. Көзін мұнар алды.

    Алға қарай емпеңдеп жөней бергені есінде. «Қалқам-ай! Қанатым-ай!»- деген сыбыр құлағында көшіп жүр. Есік сарт жабылғанда барып есін жиды. Биік баспалдақ бос екен...

    * * *

    Бір орында ұзақ жыл отырып қалған бастықтар әуелі стол, креслосын өзінің өміртанымына, мінезі, мәнеріне қарай бейімдеп алады да, жылдар өткесін бара-бара өзі де жаңағы жиһаздарға әбден кірігіп, соған ұқсай бастайтын болу керек. Виктория Ивановна манағы қалпына қылау түсірмей, қағазға шұқшиып отыр. Рұқсатсыз кірген, онымен қоймай сылбыр басып, креслоға сылқ отыра кеткен жігітке таңдана көз салды. Жарты минуттай шұқшия қарады да, көңілі орнына түсті. Жайлап күлімсіреді. «Айтпасаңыз да түсінемін. Он бір жыл жүздеспеген інімен қауышу - небір тас жүректі теңселтіп жіберетін оқиға. Қуаныш та, қайғы да бірдей деген осы; Түсінемін... Сіздерді түсіну үшін отырмыз. Мұндай қуаныштың көкесін, атасын көргеміз. Бұл кабинетте өліп-тірілгендер де табысқа
  • Диана Жақияқызыhas quoted3 years ago
    Шын туыс кешірімшіл.
  • Диана Жақияқызыhas quoted3 years ago
    Әйткенмен бір алмақтың бір салмағы бар. Көңіл, шіркін әлімсақтан қармақ қалтқысындай ауытқымалы.
  • b8360465248has quoted3 years ago
    Іле таксидің құйтақандай транзисторының құлағын бұрап қалып еді, Алла Пугачева: «Не жди меня, ничего не говори мне...»- деп, жазықты біреуге ұрса жөнелді.

    Кеше атын, үй санын атады. Шырпып қырқылған шашын бес саусағымен тараған көк көз жігіт ойланды. Жылдамдық ауыстырғыштың қызыл бүйі пластмасса қалпағын умаждай қысып еді, қолының сыртына тарам-тарам көк тамырлары адырайып шыға келді. Манап тықыршыды. «Өзі тұратын қаланың көшесін білмей ме? Жұмысқа
  • duisen17has quoted4 years ago
    Көзден кеткесін көңілден бұлбұл ұшқаны да.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)