Біз ешқашан бүгінімізбен өмір сүрмейміз, ылғи болашақты аңсап, ол бейнебір кешігіп жатқандай асыға күтеміз, немесе өткенді шақырып, бейне бір ол тым ерте кеткендей, қайтаруға тырысамыз. Біздің әулекілігіміз сонша, өзімізге бұйырмаған заманда сарсыламыз да, сонымызбен өзімізге бұйырған жалғыз уақытты елемейміз, және күйбеңшілдігіміз сонша, өзімізде бар жалғыз уақытты ұмытып, өтіп кеткен уақытты аңсаймыз. Бәленің бәрі мынада, бүгінгіңіз қашанда дерлік әуре-сарсаңға толы. Ол бізді мұңайтқан кезде, біз оны байқамауға тырысамыз, ал қуантқан кезде - оның тым өткіншілігіне қайғырамыз. Біз оны болашақтың есебінен ұзартуға тырысамыз, сол болашаққа жете алмауымыз мүмкін болса да, өзіміздің уысымызда жоқ нәрсені билеп төстеуге тырысамыз.
Өз ойларыңызды ақтарып-төңкеріп