Ол аспанға қарап еді, түнде де бұлыңғыр түтіннен айықпаған көк жүзінен сығырайып көрінген бір-екі жұлдызды ғана көрді. Ай көрінбейді. Ол мынау өз түтініне өзі тұншығып, бықсып жатқан қаланың аспанын тастап, басқа бір бөтен елдің тұнық аспанын жаулап алу үшін асығыс жорыққа аттанып кеткен сияқты...