bookmate game
Зейнолла Қабдолов

Ұшқын

  • Шугула Аубакироваhas quoted2 years ago
    Дәурен домбырашы адам болатын. Қазір даусы жіңішкелеу емен домбырасын безілдетіп, Құрманғазының асқақ, әсем күйлерін бірінен соң бірін құйылтып, құйқылжыта сермеп отыр. Науша мұндайда желпінгіш, алыпқашпа, желғабаз жігіт екен; күйдің ырғақ-нәшіне басын қозғап, қолын ербеңдетіп, орнынан ұшып-ұшып тұрады. Әсіресе "Серпер" тартылып, Дәуреннің икемді саусақтары сағадан сыңқылдата, үзілте бере "тә-тә-тә", тә-тә -тәлап",
  • b5638436335has quoted2 years ago
    Сағынарың болғанда сағынғанға не жетсін.
  • Қазақ Алаштегіhas quoted4 years ago
    Күн шығар алдында селеу басынан шық мөлдіреп, мизан ұшады. Бұл бір сұлу сурет: бусанған жер беті алтын жалатқандай ылғи ғана жіп-жіңішке зер шашақтарға — өз-өзінен жылтылдап, жалт-жұлт етіп жөңкіле қалқыған жібек жіптерге толып кетеді
  • Malik Orynbassarovhas quoted4 years ago
    Задында, қуансақ та, қуарсақ та ақыл сұрар абызымыз, алдына жүгінер аруағымыз Абай ғой. Былай депті-ау сол сабаз:

    "Адамзат бүгін адам, ертең топырақ,

    Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

    Ертең өзің қайдасың, білемісің,

    Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ"
  • Malik Orynbassarovhas quoted4 years ago
    Таң ата Тайман әкесін тағы іздеді. Бұл түнімен дөңбекшіп жатып, тек таң біліне ғана көзі ілінген еді. Оянса, сәске түс: үйде өз адамдары — Айжан мен Қоңыр ғана қалған-ды. Төсекте шалқасынан жатқан қалпы, тағы да солқылдап жылады. Содан соң терезе сыртынан жүріп өткен әлдекімнің жөткіргенін естіп, ұшып тұрды да, қазықтай шаншылып отырып қалды: қазір, дәл қазір, енді-енді әкесі кіріп келетіндей, осы үйдің ішінде оның өзіне таныс сүйкімді қоңыр даусы сайрап қоя беретіндей көрініп кетті. Жүрегі елжіреп, бойы бейжай боп, есік жаққа ұмтыла, ұмсына берді.
  • Malik Orynbassarovhas quoted4 years ago
    Тайман төрде, жерде жатыр. Үй ішінде біраз адам бар: көршілер, Дәуреннің бірге істеген дос-жолдастары. Біразын Тайман шырамытады, бірақ қайда, қашан көргені есінде жоқ. Оның бар назары, көз жанары бұған сонау қабырғадан, биіктен күле қараған суретте — әкесінің портретінде. Тайман соған егіле, емірене қарайды. Екі көзінен ыстық жас екі жаққа жылып ағып, желкесінен түйіседі де, мамық жастыққа сіңеді. Кейде басын төсектен жұлып ап, қызарған жасты көзін жан-жағына жүгіртеді: әр адамның арасынан әкесін іздейді.
  • Malik Orynbassarovhas quoted4 years ago
    — О, арақ, сені қайтем, игі досым,

    Сен кейде көңілімнен күйді үзесің.

    Сұп-суық, түк түсінбес стаканның

    Еріксіз ернеуінен сүйгізесің.

    ...Бөркімді теріс қарай кигізесің,

    Тілімді өз досыма тигізесің... —
  • Malik Orynbassarovhas quoted4 years ago
    Сағыныш та бір асыл, аяулы нәрсе ғой, шіркін!..

    Сағынарың болғанда сағынғанға не жетсін.
  • Мирас Закарьяновhas quoted5 years ago
    Ақшаға кедей болғанмен, романтикаға бай бұл мезгіл адам өмірінде өшпес із қалдырады.
  • Мирас Закарьяновhas quoted5 years ago
    ші сұлу романтикаға, өмірдің шындық құбылыстарына толы
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)