— Шіркін, адамшылық қарызы деген бар емес пе? «Оқыған» деген атың қайда?! Пысық жігіт болдың, тегін қатын алдың, үйінен әкелген мүлкін алдың. Өзің де кедей емессің, қатыныңның төркіні — қаланың үлкен байы. Кішкентай қыздың шығынын көтере алмаймын дедің бе? Неменесіне өлгелі отырған кемпірді жылатып, кешегі жолдасың — Мақсұттың аруағын күңіренттің?— деді.