Мен біреуді қатты жақсы көрсем, оның есімін атамағанды жөн көрем. Бұл мен үшін өзіме ең қымбат адамды бөлшектеп басқаларға үлестіру сияқты сезінем. Білесің бе, мен осыдан да жасырынып жүруге бейім боп алдым. Адамдардан жасырын жүру маған ұнайды. Қазіргі өмірдің өзіндік бір қызығы болса, ендігі қалғанының өзі осы шығар. Түкке тұрмайтын бір дүниенің езі адамдардан жасырын ұстасаң болды, ең қызықты боп шыға келеді.