kk
Books
Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз — қазына. 1-кітап

  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Арыстандай азулымен жолдас болма, ашығасың, түлкідей қумен жолдас болма, асыласың», —
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Екеуі ары алысады, бері алысады, бірақ бір-біріне әлдері жетпей титықтасып тұрып, ақыры болмаған соң ажырасады. Шал үсті-басын қағып, айналасына қараса, есек пен ат жолдың ар жағында қасынысып тұр екен. Сонда қария:

    — «Арсыздан айуан артық» деген рас қой. Ананы көрдің бе? — депті.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    «Жардың жағасына отырма», — дейді. Ол барады да жардың жағасына отырады. Жайғасып болған кезде біреуі: «Арсалаң, бері отыр!» — дейді. Арсалаң ары отырамын деп қозғалған кезде, жардан құлап кетіпті. Содан ел ішінде қырсық, кесір адамдарды әжуалап айтатын: «Арсалаң, бері отыр десе, ары жығылыпты», — деген сөз қалған екен.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Бүгінге дейін қаңлы елінің аузындағы: «Қаңлы елінде хан бар, кәделі елде қаңлы бар», «Хан жоқ болса, қаңлыдан хан көтер», «Арбаға ханмен бірге мінгенбіз» деген мәтелдер содан қалған. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр, аңыздар».

    Ел арасында айтылатын «Қаңлы жоқ жерде хан сайланбас» немесе «Қаңлысыз хан (көтермес) сайланбас» деген мәтелдер де ескіден келе жатқан жоғарыдағы аңызды қуаттай түсетіндей.

    «Арбаға ханмен бірге мінгенбіз». Бұл — арбаны алғаш жасаған, хан құрметіне бөленген, ханға жақын жұртпыз деген ойларды аңғартады.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Менің алты ай жаз іздеп жүргенім осы ғой деп санын бір соғады.

    «Аңқау астындағы атын алты ай іздепті» деген сөз содан қалыпты.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Сол Көтібардың үйінде бір жолаушы қарт кісі намаз оқып, сусындап кетейін деп түседі. Намазын оқып, бір аяқ қымыз ішіп отырғанда, Көтібар батыр әлгі қарттан:

    — Қосағасы, атыңыз кім? — деп сұрайды.

    — Атым Адыраспан, — дейді қарт.

    — Апыр-ай, адыры адыр болсын, аспаны несі екен? — леп таңданады Көтібар.

    — Қазақ атты қоя береді ғой. Атты тауып қойса, өзінің ғұрпындағы атты қояды. Егер таба алмаса, өзінің бұтындағы көтін қояды ғой, — депті қарт.

    Сонда Көтібар: «Қазақта аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген мақал бар
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Егер тоқал қыз туса, оны сол бойда өлтіріңдер. Ал егер ұл туса, онда сәбиді алақанға салыңдар.

    Сәби дүниеге келгенде босандырушы әйелдердің бірі: «Әй, көті бар, көті бар», — деп айқаласыпты. Сірә, мұнысы қуанғанынан ер бала, ұл бала туды дегені ғой. Осы хабар сол бойда байға жетеді.
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Өмір, Темір, Қайыр, Естемес атты төрт ағайынды болыпты. Ажал жетіп, ағайындылардың біреуі қайтыс болады. Оған көңіл айтуға келген келіндердің бірі былай депті: «Өлмейтін өмір жоқ, үзілмейтін темір жоқ, арты қайырлы болсын». Бұны естіп жеңгелері беттерін шымшып, келген қонақтардың алдында не айтарларын білмепті. Келіндері онымен қоймай: «Ой, есте жоқ, есімнен шығып кетіпті», — деп ақталыпты.

    Осылайша келіні төрт атасының атын атап жеберіпті. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер» деген сөз содан қалыпт
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Алты шаңырақтың іргесі ажырамасын, — деп бітіреді.

    Бұған Мөңкенің құдасы түсінкіремей қалып, «алты шаңырақтың іргесі ажырамасынның» сырын сұрайды. Сонда Мөңке оған:

    — Құдай қосқан екеуміз жакжат болып отырмыз. Сенің қызың маған келін болып түсті. Ол үш шаңыраққа ие болады. Біріншісі — келген жұрты, екіншісі — нағашы жұрты,
  • Daryn Nurmoldaevhas quoted2 years ago
    Байқосақ: «Ыбырай қалқам мені егінші деп айтты, елге білім еккен шын егінші өзіңсің ғой», — депті.
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)