Арғы атам - Адам Ата, хақ пайғамбар,
Айрылып Хауа Анадан болыпты зар.
Дұғасын осы арада қабыл қылдың,
Бере көр тілегімді паруардігар!
Шығарма Ләйлә дертін жүрегімнен,
Айырма ғашық отын сүйегімнен.
Зарлатып өмірімде күйіп-жанғыз,
Өзімнің болды дейін тілегімнен.
Ләйләнің мен алмасам құрметті атын,
Көңіліме қатты бекіт махаббатын