bookmate game
Төлен Әбдіков

Ақиқат

  • Хиуаз Доспанhas quoted5 years ago
    Адам баласы өмір бойы ақылды болғысы келіп, ақыл тапқысы келіп, ал өзі өмір бойы сол ақылдан азап шегіп өтетінін түсінбейді.
  • セイラSanyahas quoted4 years ago
    Алдағы тарих?.. Ол бұдан да сорақы. Цивилизация атаулы табиғаттан бастап адам бойындағы табиғи қасиеттердің бәрін жояды. Генетика мен адам психикасы әбден меңгерілгеннен кейін данышпанды колбада қолдан жасайды, санаға берілетін сенім-бұйрық арқылы бір адамды қорқақ та, батыр да, адал да, арамза да етуге болады. Адамның басын қолдан орнатамыз, жүректі қолдан жасаймыз. Дуалау арқылы махаббатты да қолдан жасауға болады.

    Бұл айдан анық болашақ.

  • Zhadyrahas quoted4 years ago
    Бірінші қайғы – өмірде бақыт атаулының болмайтынын сезу.
  • Рита Джанбусиноваhas quoted4 years ago
    Құндыздың даңқын шығарған оның түгі болғанмен,- деді Роберт әлі де бөтелкеден көзін алмай.  Сол түктер құндыздың өзі үшін қымбат зат емес. Ол тіпті өзіне аса мәнді болып есептелмейтін заттың қалайша даңқын шығарып жүргеніне таң қалған болар еді.
  • لhas quoted4 years ago
    Тарих адамзат өмірінің ізін өшірмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.
  • Нұрия Қарасартhas quoted6 years ago
    «Егер мен осынау жат құпиялардың ешқайсысын білмесем, ел қатарлы тып-тыныш бақытты ғұмыр кешер ем ғой... Мен ашуға болмайтын есікке басымды сұқтым... Енді мен білмейтін құпия, мен білмейтін шындық жоқ. Енді мен бәрін де білемін. Ағайын, мен бәрін де білемін... бәрін де... бәрін де...»
  • Қияли Қызhas quoted6 years ago
    Бақыт деген жарықтықты өмірдің түпкі мәнінен табуымыз керек. Ондай мән жоқ. Ендеше біз де мәңгі бақытсызбыз...
  • Қияли Қызhas quoted6 years ago
    Мәңгілік деп аталатын уақыт кеңістігінде тіршілік атаулы қараңғы түнекте анда-санда бір жалт еткен нәзік сәуле секілді. Ал жеке адамның ғұмыры ше?.. .Мәңгілікпен салыстырғанда осынша қып-қысқа ғұмырының ішінде осынша үлкен азапты арқалап кететіндей адам сорлының не жазығы бар?..
  • Бум Бумhas quoted4 years ago
    Кез-келген құбылысты әрқалай талдауға бола береді. Ол тек көрушіге байланысты. Өмір сіз көргендей мәңгі трагедия сахнасы болмауы мүмкін...  Дәрігер сәл ойланып қалды.  Мына тұрған кітап біздің көзімізге қызыл түсті болып көрінеді, ал мысықтың көзіне әшейін қоңыр түсті болып көрінеді екен. Бәрі де өмірді қалай көруге байланысты...
  • b9231493094has quoted4 years ago
    енді мәңгі бақытсыздықтан адамдарды құтқару үшін не істеу керек? - деді дәрігер Робертті әңгімеге тарта түсіп.
     Құтқару мүмкін емес. Бірақ жеңілдету үшін мынадай ұсыныстар айтар едім. Бірінші: ет жеуді доғару керек. Ет жеу яғни тіршілік иесін жеу – адамдардың бірін-бірі жеуінің басы. Ет жеуді доғару табиғат заңына енгізілген үлкен ету еді. Екінші: бүкіл спорт ойындары мен құмар ойындарын доғару керек. Үшінші: адамға рухани бостандық керек. Ертедегі құлдар заманында адамдардың аяқ-қолы кісенделсе, қазір ақыл-ойы кісендеулі... Төртінші: үлкен аурухана ашып оған өзімшілдерді, мансап құмарларды, атаққұмарды, ұятсыздарды, қаскүнемдерді, қатыгездерді, опасыздарды, өсекшілдерді,
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)