ір күн[і] құдағиы күйеу мен қызының күркесіне кіріп келсе, күйеу пақыр қалыңдығының аяғын қойнына салып жылытып отыр екен.
- Ұрғашыдан құны кем неме екен ғой, мынаған еріп еліне барғанмен де, көп жаманның бірі болып кетермін!- деп, өкпелеп, сол жерден еліне қайтып кетіпті.
Әуел Едіге, Орта Едіге, Ақыр Едіге,- үш Едігенің бірі болған Едіге би - осы кісі. Әлі осы күнге шейін: «Едігенің майлы жұрты»,- дейді. Бұл кісі Жиделібайсын барып, Хасар Күлептен келе жатып, Бұхарай Шәріпте бір мешітте намаз артынан бата қылғанда, қолын жеңінен шығармай, бата қылыпты. Сонда мешіттің имам молдасы:
- Биеке, бата қылғанда, қолыңызды жеңіңізден шығарып бата қылыңыз, құдайдың рахметі жауады!- депті. Онда Едіге айтыпты:
- Әуелі рахмет қайдан келеді?- депті.