Тіршілік үшін жанталаса күресіп, жанын жалдап, барын базарлап өмір жағалауына ұмтылып шаршамай-ақ, тағдыр жазуына мойынсұна салар еді, тұнжыраған жанары тастұма секілді сүйкімді қалыңдығы Жансаяны, түн ұйқысын төрт бөліп, бетіне жел тигізбей өсірген сүйікті анасын, «барым да, базарым да, өмір сүріп жүрген заманым да өзіңсің» деп отыратын ақжүрек адал әкесін қайда, қалай зарлатып тастап кетеді!