Қырықтан асқан семірген қатыны отыр,
Бәйбішесі осы деп ойлап білді.
Ішпек, жемек, семірмек, есінемек,
Еріккеннен жалшыға бос зекірмек,
Бай ұрыспаған кезінде өзі ұрысқансып,
„Олай емес, білмейсің, былай",—демек.
Бұл қылық – бұрынғыдан бір қалған жол,
Осындай бәйбішелер жұртта бек мол.