Мен өзім бұл өмірге жылап келгем,
Айқайлап, несібемді сұрап келгем.
Арманның асау аты меңкіп жықса,
Кінәлап өз басымды жылап кетем.
Сағынам кейбір кезде мұң шіркінді,
Ыстық деп кім ойлаған бұл шіркінді,
Бастауы бақытымның болармысың,
Апырым-ау, көзге неге жас іркілді.
Жас керек бойдың cepгіп өсеріне,
Жас керек қайғы деген есеріңе,
Жас тілейді қуаныш сынды құрбымдағы,
Дес бермей ойсыз күлкі өсегіне.