нық және өздігінен түсінікті нәрселер ретінде көрсетеді; әсіресе, өзімізді жаратқан құдіретті Құдайдың бар екенін білетіндіктен: өйткені оның бізді тіпті тайға таңба басқандай анық нәрселердің өзінде осыңдай әрқашан қателесетіндей етіп, дәл осылай жаратқысы келген-келмегенін білмейміз. Өйткені бұл біздің бұдан бұрынғы уақытта барлық нәрседен хабарсыз өмір сүріп келген, кейде кездесіп тұратын қателерден де көп болуы мүмкін. Егер бізді құдіретті Құдайдың жаратпағанын, өздігімізден жаратылғанымызды немесе басқа біреудің қолымен жаратылғанымызды ойлап көрсек, біз неғұрлым өзіміздің жаратушымызды құдіреті аз деп есептесек, соғұрлым бізді ұдайы қателерге жетелейтін өзіміздің осыншама кемел емес екендігімізге бұдан да көбірек сенетін боламыз.
6. Біз күмәнді нәрселермен келіспеу және осылайша жаңылысудан аулақ болу үшін, таңдау еркіндігіне иеміз (liberum arbitrium).
Бірақ бізді кім жаратса, ол жаратсын, ол қандай құдіретті немесе залым-ақ болсын, біз ішіміздегі, қалай дегенде де, болғанда да