Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Юрий Серебрянскийдің «Destination. Жол пасторалы» повесін унверситеттегі қазіргі әдебиетті оқыту әдістемесін зерттеу бағдарламасына енгізді. Автор хикаяның еліктірерлік бұралаң желісі арқылы бүгінгі замандас — орыс тілді қазақстандықтардың алдында тұрған өз орнын анықтаудың маңызды әлеуметтік мәселелерін шеберлікпен өре білді. Олардың ішіндегі ең бастысы — Ресей деген не? Алыстағы отан ба әлде шығарманың лирикалық қаһарманы сапар шегіп жүрген көптеген бөтен елдің бірі ме.