kk
Free
Мұхтар Әуезов

Үш күн

15 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Impressions

  • boshanoffshared an impression2 years ago

    Нет

  • b4705603593shared an impression3 years ago

    .

  • Bekzat Bekbolatshared an impression3 years ago
    👍Worth reading
    🔮Hidden Depths

    Міне бұл әңгіменің жөні бөлек. Үш күн дегені төңкеріске дейінгі, төңкерістен кейінгі алғашқы жылдар һәм арада оншақты жыл өткендегі үш күннің оқиғасы. Үшеуінде де үш кісі сөз болады. Көлбай, Талпақ, Сарыауыз. Талпақ пен Сарыауыз үш уақытта да сол баяғы әңгүдік, атүсті түсінетін кісілер болса Көлбай әлдеқайда тапқыр, ақылдырақ. Әрдайым Талпақ пен Сарыауызды ұтымды ойымен ақылға салып, жөнге келтіріп отырады. Әңгіме ұнады.

Quotes

  • Mariyash Zhusuphas quoted8 years ago
    ҮШ КҮН

    (әңгіме)

    I

    Оған енді көп заман болды...

    Көлбайдың бір ерекше кейіп отырған күні еді. Үш қанат қара лашығының ішінде су тезекті қоздандыра алмай, өңеші қызарғанша үрлеп отыр. Кешегі нөсерден кейін құрғақ отын тұратын Көлбай үйі ме? Әл-дәрменін жиып, от басына шөгіп ап, тағы-тағы үрлейді. Ащы түтін қолқасын атып, көзінен жас ағызады. Бірақ тұтанбайды. Түтіні құрғыр шаңырақтан шықпайды. Кішкене үйдің ішін бықсып, шалқып, мор болып, басып алды. Өзі барып шапқан тобылғысын жеткізіп алайын дегелі әлденеше күн болса да, бай үйі көлік берді ме?

    — Әй, итшілеген қу дүние-ай! — деп, кішкене қол көрігін босағаға лақтырып тастап, қалаулы тұрған тезектің бірнеше томарын алып, қолымен үге бастады... Басы, көзі, қойны-қоншын ораған сасық көк түтіннен бетін бұрып босағаға қарады...

    — Мына пәлесі тағы жатыр ма еді жаратқан? — деп одан да көзі тайқыды. Тесігі үңірейіп, бір жарты қазан жатыр. — "Түске шейін жамап болып, өзі алып келсін!" — деген бұйрықпен байдың үйі жіберіпті, бүгін құлқын сәріден.

    — Алты ай жаздай қара күреш табыс таптырмады! Құдайдың құтты күні не өзі, не жақынының ісін жібереді де отырады. Бай үйінен келген іс болса, ол ақысыз іс деген сөз. Себеп? Себебін несіне сұрайсың? Оған бай да, Көлбай да жауап бере алмайды. Тегі қоңсылық шығар.

    — Жаным-ау, бұ не деген боқташық? Бүгін қазан, кеше табаны сынған тоқсан жылғы қара үзенгі, оның алдында ала жаздай майды аяп, қарамайламай жүріп, білігін жандырған ағаш арба... Оның ар жағында қырық жыл бұрын қара бәйбішемен бірге келген, топсасы кеткен, көмейі бұзылған кәрі абдыра... Не деген таусылмайтын жыртық тесік? Бірде бірі не жамау, жасқау болатын ескі-құсқы темір, көр-жер, немесе аспап-сайман берсе екен-ау, тым құрса... Ақы тұрсын, отырады да өзі шабады.

    Алары не? Көші-қонда көлік береді. Оның аты — бай, аузында семіз сөз:

    — Далаға қаңғытып, жалғыз лашықпен тастамай, алты ай жаз өзіммен ілестіріп алып жүрдім, асырап шықтым, — дейді.

On the bookshelves

fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)