Неліктен өйттің екен, Кенелдік?! Жалғыз ғана сені пайғамбарым деп, жалғыз ғана сенің етегіңнен ұстаған жалғыз ғана жан емес пе еді ол? Жарық дүниедегі ең жақының емес пе еді?! Сонда қалай? Сонда адам өзін жақсы көрген ең жақын адамына алдымен қиянат жасайтын болғаны ма?.. Жасайтын болғаны - ау.