Айтпақшы, түп атамызбен тұстас, төркіндес Түйе бар екен ғой! Иә, кәдімгі, көшпенді қазақтың көнбіс көлігі! Көнбістігімен қоса төзімділігін, шыдамдылығын айтсайшы?! Кезсең керуенге, мінсең серуенге жарайтын жануарың да осы Ойсылқара! Жүріс-тұрысы қай кездегі қазақтың да пошым-пішіміне, мінез-құлқына болым-болмысына бек жараса кетеді! Әсіресе, қазіргі бізге, біздің бүгінгі менталитетімізге... Өйткені... “Арқалағаны алтын болса да, Түйенің тамағы — тікен”. Бұл да қазекемнің өз сөзі, өзгенікі емес.