kk
Free
Темірхан Медетбек

Уақыт - заман ағыны. 3-том

783 printed pages
Have you already read it? How did you like it?
👍👎

Quotes

  • Максат Бурбаевhas quoted6 years ago
    ҮШ ТОМДЫҚ ТАҢДАМАЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫ

    (Туған әдебиет, уақыт және заман туралы ойлар)

    Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Темірхан Медетбектің үш томдық таңдамалы шығармаларына автордың ұзақ жылдардан бері талмай еткен еңбегінің ең үздіктері енгізіліп отыр.

    БІРІНШІ БӨЛІМ

    МЕНIҢ АБАЙЫМ

    (Эссе)

    «Всякий образованный руский должен иметь у себя всего Пушкина:

    иначе он и не образованный и не русский»

    В.Г.Белинский,

    Полн. собр. соч., т. II. М. 1958 г. стр. 384.

    Менiң Абайым! Әрине, бұл менiң сөзiм емес. Дәлiрек айтсақ, сөз тiркесi менiкi емес. Бұл сөздiң төсегi, түп-төркiнi сонау бiр кезде М.Цветаеваның дуалы аузынан шыққан «Менiң Пушкинiмде» жатыр. Ол сөз – қазiр қанатты сөз. Ал қанатты сөз – бәрiмiзге ортақ.

    Менiң Абайым! Бұл сөз бәрiмiздiң жүрегiмiзде жүрген, бәрiмiз айтуға тиiстi сөз. Бұл сөздiң мәнi мен мағынасы менiң бау-бақшам, менiң машинам деп жалқы адамның атынан айтылар аса тар аядағы материалдық меншiктеп сөйлеумен ешуақта да қосылмақ емес. Бұл сөздiң мәнi мен мағынасы менiң жерiм, менiң елiм деп жалпы халықтың атынан айтылар аса кең аядағы рухани меншiктеп сөйлеумен сабақтас, салалас жатпақ. Сөз жоқ, менiң жерiм, менiң елiм, менiң халқым дегендi рухани махаббат, рухани сүйiспеншiлiк қана тудыра алмақ. Адам – жерiмен, елiмен, халқымен ғана адам. Өйткенi адамды адам ететiн – сол жерi, елi мен халқы. Олай болса, бiздiң рухани қалыптасуымызға, рухани түлеп, жаңғыруымызға, рухани баюымызға өлшеусiз әсер еткен, сарқылып, таусылу дегендi бiлмейтiн рухани ресурстарымызды да менiкi деп меншiктеуге хақымыз бар. Сол рухани ресурстарымыздың бiрi және бiрегейi, бiз үшiн, Абай шығармалары. Сондықтан да қазiр менiң Елiм, менiң Жерiм, менiң Халқым сияқты қастерлi сөздердiң қатарында менiң Абайым деген сөздiң де орын ап, орнығуы заңды. Сондықтан да хат бiлiп, қара танитын адам Абайды оқымай, Абайды танып бiлмей өз
fb2epub
Drag & drop your files (not more than 5 at once)