Тегі, қателік—өмір ерлеріндегі сүрініс үлкендерден басталады-ау деймін. Кейінгі ұрпақ сол ағалар ағаттығын не қайталайды, не жансақ істі сол қалпында үйренер. Қателіктер әсте өздігінен, әмбе төтеден пайда болып көрген емес. Қателіктер ғайыптың қарғысынан тумаған, төрткүл дүниедегі әр минут сайын теріс-қағыс аталып жатқан қадамдардан, бір кезде қате басқан адамдардан келер ұрпаққа ауысып отырған секілді.