Гамлет.
Уа, көк пен жер! Тағы нең бар?
Дозақ па әлде? Сап, сап, жүрек, шыдап бақ!
Аяқтарым, тік тұрыңдар бүгілмей!
Есте сақта дедің-ау?.. Есім барда сақтармын
Быт-шыт болған мынау шардың ішінде.
Сорлы Әруақ, есте сақта дедің-ау?
Тақтасынан зердемнің сезінудің
Бар белгісін сүртемін; барлық сөзін кітаптың
Естегімнің тамам бейне, таңбасын, —
Бала кезден байқағанның күллісін,
Өшіремін. Жалғыз сенің жарлығыңа бағынып
Еш қоқыссыз, мидың барша кітабын
Том-том күйі түгел жазып түгесем.